Bugin

"Қасым хан" фильмін түсіруге бөлінген қаржы жымқырылды

Пиротехникаға бөлінген қаржы

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

"Қасым хан" тарихи фильмін түсіруге бөлінген қаржының 30 млн теңге қолды болды. Бұл жайында Bugin.kz платформасы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг жөніндегі комитеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл іске Қазақфильмнің "Қасым хан" киножобасын филиалының директоры К.С.Ахметов пен жанындағы тұлғалардың қатысы бар. 

"Тергеу барысында аталмыш тұлғалардың қызметтік жағдайын пайдаланып, 29,9 млн теңгені қолды қылғаны анықталды. Бұл қаржыға пиротехника сатып алу жоспарланған. Сотқа дейін тергеу амалдарының арқасында күдікті тұлғалар жымқырған қаржысын толық қайтарып берді", - делінген хабарламада.

Сот шешімімен киножоба филиалының бұрынғы директоры РҚ ҚК-тің 189-бабы бойынша екі жыл бас бостандығынан айырылды. Ал сыбайластары екі жыл бас бостандығын шектеу қойылды әрі қоғамдық жұмыстарға тартылады.