COVID-19
Оны үй жағдайында да қолдануға болады
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Ғалым әрі кәсіпкер Болат Сұлтанқұлов коронавирусты үй жағдайында анықтайтын экспресс-тест жасады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Өнертабыс синтетикалық наноденелерге негізделген, оларды қазақстандық ғалымға швейцариялық зерттеушілер берген. Экспресс-тест жасауға алты ай уақыт кетіпті.
Бұл тест 15 минут ішінде адамда коронавирус бар-жоғын анықтайды және өзге жабдықты қажет етпейді. Тесттің ерекшелігі: ол антиденелерді емес, вирустың өзін анықтайды. Сондықтан ол ауруды симптомдар пайда болғаннан кейін бірден табады.
Енді коронавирусты анықтайтын экспресс-тестті тексеріс пен сараптамадан өткізу керек, егер ол тиімділігін көрсетсе, жақында өндіріліп, сатып алуға қол жетімді болады. Ғалым енді өнертабысының тиімділігін растау үшін Денсаулық сақтау министрлігімен, Дәрі-дәрмектердің ұлттық сараптама орталығымен және басқа да зертханалармен келіссөз жүргізбек. Оның айтуынша, тест ПТР-анализіне қарағанда арзан әрі қолжетімді болады.
Болат Сұлтанқұлов жеті жылдан бері регенератив медицина саласындағы зерттеулермен айналысады. Назарбаев Университетінде PhD докторантурасын аяқтаған, ал бакалавриатты "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Ноттингем университетінде тәмамдаған.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61