Экономика

Ұлттық банк ескертеді: Ақшаңызды айырбастап алыңыз!

Қолдағы ақшаңыз жарамсыз болып қалуы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ұлттық Банк 2021 жылдың 1 ақпанын 2006 жылғы үлгідегі 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдайтын және ауыстыратын соңғы күн екенін еске салады. Айырбастау тек қана жеке тұлғалар үшін Ұлттық Банктің филиалдарында ғана жүргізіледі. Филиалдардың мекен-жайы мен байланыс телефондары сайтта көрсетілген.

Осы аталған банкноттар қолда бар болған жағдайда, ҚҰБ-тің жақын маңдағы филиалына барып, 2021 жылдың 1 ақпан күні сағат 15:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) ұлттық валютаның қолданыстағы ақша белгілеріне ауыстыру керек.

2021 жылдың 2 ақпанынан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қабылданбайды және ауыстырылмайды.

Қосымша сұрақтарды1477 нөмірі арқылы Ұлттық Банктің байланыс орталығынан алуға болады.

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61