Ұйқыңыз қанбай, өзіңізді күні бойы шаршаңқы сезініп жүрсеңіз, бұл мақала сізге арналады.
	- Ұйықтар алдында бөлмеңізді желдетіп алыңыз. Бұл ауадағы вирустар мен бактериялардың мөлшерін төмендетеді. Әрі сергек оянуға көмектесіп, жақсы дәрумендер бөледі.
	  
	- Жатар алдында 3-4 сағат бұрын кешкі асты ішіп алыңыз. Ал кейін айран ішуді әдетке айналдырыңыз. Бұл тек асқазан жұмысын жақсартып қоймай, ұйқыңыздың тыныш болуына әсер етеді.
	  
	- Контрасты душ қабылдауды ұмытпаңыз. Бұл күні бойы жиналған шаршаңқылықты басып, жақсы ұйықтауға көмектеседі.
	  
	- Уақытымен ұйықтауға тырысыңыз. Ерте жатып, ерте тұруды әдетке айналдырыңыз.
	  
	- Ұйықтар алдында жақсы ойлап, тіпті серуендеп қайтыңыз. Бұл пайдалы гормондардың бөлінуіне әсер етеді екен.
	  
	- Ұялы телефон және басқа да гаджеттерді ұйықтар алдында көруден аулақ болыңыз. Себебі ол көздің жұмысын баяулатып, ұйқыңызды бұзуға әкеліп соғады.
 
P/s: Міне, оқырман, ұйықтаудың да алғышарттары бар екен. Бұл шарттарды орындап, денсаулығыңызға қараңыз.