Қоғам

Қуат Хамитов 6 айға сотталды

Бұл туралы бүгін сотта айтылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитовке қатысты сот үкімі шықты. Ол 6 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Қуат Хамитовтың қылмыстық ісі Алмалы аудандық сотында қаралды. Сот файтердің бұрын жауапқа тартылмағанын және өз кінәсін толық мойындағанын ескерді.

Айта кетейік, бұған дейін Хамитов сотта соңғы сөзін айтқан болатын. 

"Қандай жаза тағайындалса да мен шетелге шығуға мүмкіндік беруді сұраймын. Себебі мен елімнің намысын қорғаймын", - деді Қуат Хамитов. 

Бұған дейін Хамитовке қатысты сот отырысы 18 қаңтарда өткен болатын. 

лмалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қ.Хамитовке қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр", - делінген сот хабарламасында.

Еске салайық, өткен жылдың қыркүйегінде спортшы тікұшақтарды атуға және дезинфекторларды ұруға шақырған болатын. Ал 20 қаңтарда Қуат Хамитов Интернетке қосыла алмай, сот отырысы кейінге қалған еді.