Bugin

Қазақстанда 5 вице-министрге қылмыстық іс ашылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

2020 жылы ірі лауазымдағы 210 басшыға қылмыстық іс ашылды. Мұны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев коллегия отырысында айтты.

"Былтыр жемқорлыққа қатысты 25 аса ауыр және 1368 ауыр қылмыстың жолы кесілді. Қылмыстық топ құру бойынша 4 іс, жоғары қызметте жүрген 210 тұлғаға іс ашылды. 722 азамат сотталды. Олардың арасында бір облыс әкімі, 4 облыс әкімінің орынбасары, 2 жауапты хатшы, 2 комитеті өкілі, 1 елші мен 10 аудан әкімі мен орынбасарлары бар", - дейді Шпекбаев.

Оның айтуынша, қылмыстық іс ашылған ірі лауазымды тұлғалардың арасында 5 вице-министр мен мемлекеттік компаниялардың 5 топ-менеджері бар.

"Астана LRT" құрылысына бөлінген қаржыны жымқыру бойынша мердігер компанияның басшылары сотқа берілді. "СК-Фармация" экс-төрағасына қатысты тергеу ісі аяқталды. БТА-банк ісі бойынша 12 млрд теңге сома шығын мемлекетке қайтарылды. Сондай-ақ, "Продкорпорация" АҚ экс-төрағасына қылмыстық іс ашылып, 6,4 млрд теңге бюджетке қайтты", - дейді агенттік басшысы .

Ал Антикор қызметі мемлекетке 50,7 млрд теңге қайтарған.

"Бұл 2019 жылғыдан екі есе көп. Рекордтық көрсеткіш", - деп атады Шпекбаев.