Bugin

Ник Вуйчич: Өмірге шектеусіз қара

Ник Вуйчич - танымал оратор, мотиватор. Бірнеше кітаптың авторы. Дүниеге аяқ-қолсыз келді. Соған қарамастан өмірге ғашық болды. Мүмкіндіктер іздеп, өмірге шектеусіз қарады. Өзін қалай бар, солай қабылдай білді. Бірнеше адамның өміріне өзгеріс алып келді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Никтің пікірінше, өмірге шектеусіз қарай білу үшін бізге төмендегідей нәрселер керек екен:

1.Өмірдің мәнін жақсы түсіну;

2.Ешқашан өшпестей сенім;

3.Жаратушыға және оның шексіз мейірімділігіне сену;

4.Махаббат және өзіңді қалай барсың дәл солай қабылдау;

5.Сенім күші;

6.Кез-келген жағдайға дайын болу;

7.Айнымас жүрек;

8.Мүмкіндіктер іздей білу;

9.Өмірге күлімдеп қарау;

10.Айналаңа қызмет жасауға дайын болу.

Адам өмірінде неше түрлі қиын жағдай орын алады. Құлайды және екінші рет тұра алмастай көрінеді. Бұл сезім баршамызға таныс екені анық. Біз алдымыздан кездескен кедергілер арқылы одан сайын мықты бола түсеміз. Мүмкіндіктер іздейміз. Бастысы – өзіңді жоғалтып алмау.

Егер сіздің алдыңызға қойған мақсатыңыз болса және соған жетуге талпынысыңыз бен қалауыңыз болса, сіз көздегеніңізге жетесіз. Бұл өте маңызды.

Өмірде шектеу жоқ. Шектеу біздің миымызда. Егер миыңыздағы шектеулерді алып тастасаңыз, өміріңіз қалай болатынын елестетіп көріңізші. Бәрі де тікелей өзіңізге байланысты.