Bugin

Петр Своик: Қазақстан бар байлығын Қытайға сатып бітірді

"Жеңіл жүрісті" экономика

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстан экономикасы "жеңіл жүрісті" әйелдің қылығына ұқсайды. Кен байлығының бәрін шетелдің және қытайдың инвесторларына сатып, құр қол қалды. Енді шетелдің айтқанына телміруге мәжбүр. Осылай деп мәлімдеді Қазақстан экономисі Петр Своик Правда басылымына берген сұхбатында.

Экономисттің айтуынша, қазақстанның да, ресей билігінің де оңып тұрғаны шамалы.

Ресей билігі өзінің оппозициясын түрмеге тығып, бағын байласа, Қазақстан бар байлығын шетелдің қолына ұстатып жіберді.

"Сіздер (ресей билігі – ред.) өздеріңіздің Ходорковскийлеріңізді түрмеге жаптыңыздар. Ал біздер бар ресурсты шетелдіктерге беріп жібердік, енді біздің экономикамыз соларға қарап, солардың айтқанын істейді", - деді Своик.

Экономисттің айтуынша, Мәскеу мен Нұр-Сұлтан билігі бас қосып экономикалық саясат ұстануы тиіс. Сонда қазақстан экономикасы "жеңіл жүрісті" әрекеттен тез алыстап, тұрақты даму жолына түседі.

"Мәселен, Екібастұз көмір алабы Ресейге электр энергиясын тасымалдайды. Егер Ресей одан бас тартса, Қазақстанға қиын болмақ. Қазақстан мен Ресей экономикалық интеграциясын күшейтуі тиіс. Әйтпесе, екі тарапқа да қиын болады", - дейді ол.