Bugin

Зерттеу: Ресейге көшіп жатқандардың көбі – қазақтар

Бәріне билік кінәлі

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ресейге көшіп, азаматтық алуға ұмтылып жатқандардың көбі – орыстар емес, қазақтар. Бұған әсер етіп отырған жағдай – Қазақстандағы жұмыссыздық. Бұл жайлы деректерді Еуразиялық аналитикалық клуб басшысы Никита Мендкович ұсынады.

Сарапшының айтуынша, қазақстандықтардың көбі Ресеймен жау болғысы келмейді. Өйткені бұл елге нәпақы табу мен туған-туысын көру үшін баратындар көп. Және "көрші елге көшкісі келетіндердің дені қазақтар" дегенді алға тартады сарапшы.

Мәселен, РФ Ішкі істер министрлігі деректеріне сүйенсек, 2020 жылы Ресейде тұрып жатқан және үйі бар Қазақстан азаматтарының 80  мыңға жеткен. Ал Еуразиялық экономикалық одақ аясында визасыз жүргендердің саны 500 мыңға жетеді.

Зерттеулерге жүгінсек, Ресейге кеткен қазақстан азаматтарының басым бөлігі жұмыс істеп барады. Өйткені көрші елдегі еңбекақының көлемі өз елінен 24% көп.

Қазақстан азаматтарының жаппай шетелге жұмыс істеп кетіп жатқанын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та мойындаған.

"Еңбек миграциясы – өте өзекті мәселе. Жыл сайын мыңдаған отандасымыз шетелге кетуде. Мұны байқамау қиын", - деген еді президент.

Төрт жылдың ішінде 178 мың қазақстан азаматы ресей азаматтығын алған. 2020 жылы 43 мың адам алған екен. Бұл – шағын бір қаланың халық саны.

Саясаткер Данияр Әшімбаевтың айтуынша, Ресейге көшіп жатқандардың көбі орыстар деп ойлауымыз мүмкін, алайда шын бет-бейне мүлде басқа.

"Славян ұлттары ғана көшіп жатыр деген қате түсінік. Қазақстан билігінен көңілі қалып, көрші елге кетіп қалған қазақтар да көп", - дейді саясаткер.

Ал экономист Айман Тұрсынқанның айтуынша, өзге ұлт өкілдеріне қарағанда, көрші елге ойланбастан кеткісі келіп отырғандар – дәл қазақтардың өзі.

"Бұған әлеуметтік сауалнама дәлел. Оның үстіне, қазақтар өте талантты, білімді болғандықтан, өзге елге тез үйренеді. Еуразияда көшпенді өмір сүрген халық үшін құрлықтың кез келген жері оған жат емес. Тез бауыр басады. Қазақтар тез тіл табуға, космополитке бейім", - деп түсіндірді ол.

"Достар" қазақ ұлттық бірлестігінің деректеріне сүйенсек, Ресейдегі қазақ этносының саны 2010-2018 жылдары 150-200 мыңға артқан.

Әлеуметтік сауалнама жүгінсек, көрші елге қоныс аударғандардың көбі – жоғары білімді азаматтар көрінеді. Олардың үлесі – 52%. Жоғары білімді азаматтар жылдам жұмыс табады екен.