Bugin

Жириновский Sputnik V вакцинасын ойлап тапқандарды Нобельге ұсынды

Дәуір жаңалығы

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Коронавирус вакцинасын ойлап тапқан – Н.Ф.Гамалеи атындағы Ұлттық эпидемиологиялық және микробиологиялық зерттеу орталығы. Ғылыми мекеменің ойлап тапқан дүниесін Ресей саясаткері Владимир Путин жоғары бағалады.

"Спутник V" вакцинасын ойлап табу – дәуір жаңалығы. Сондықтан оны ойлап тапқандарға 12 маусым күні Кремльде Мемлекеттік сыйлық табыстау керек. Сондай-ақ, медицина саласы бойынша Нобель сыйлығына ұсынуды құп көремін", - деп жазды Жириновский Twitter-де.

Айта кеткен жөн, жақында Lancet медициналық журналында "Спутник V" вакцинасының клиникалық зерттеуінің нәтижесін жарияланып, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары баға алған еді. Қазіргі уақытта вакцина әлемнің 20 еліне таратылып, қолданысқа енгізілді.

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61