Bugin

Қазақстандық теннисші турнирді жеңіспен бастады

Зарина Дияс жақсы нәтиже көрсетіп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Теннисші Зарина Дияс Мельбурнде өткен Australian Open чемпионатының бірінші айналымында сәтті аяқтады. Бұл чемпионат Мельбурн қаласында, жергілікті "Мельбурн парк" спорт кешенінде өтіп жатыр. 

Екі айналымда да Зарина қарсыласы Тамара Зиданшекті 6:2, 7:5 есебімен басып озды. Ойынның ұзақтығы – 1 сағат 22 минут болды. 

Естеріңізге саламыз, Зарина 2 жыл бұрын да Тамараны жеңген. 

Келесі айналымда ол Анжелика Кербер (Германия) - Бернарда Пера (АҚШ) дуэтінің жеңімпазымен кездеседі.

Аталмыш чемпионат төрт "Үлкен дулыға" турнирінің бірі.