Weekend

100 000 доллардық бәстесу. Покерші 30 күн бойы ваннадан шықпаған

Қатаң карантин кезінде көпшілігіміз жынданып кете жаздап едік, мына жігіттің басынан өткергені lockdown-ға тап болғандарға үлгі боларлық оқиға екен.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

2019 жылы Рич Алати деген америкалық покер ойыншысы мен Рори Янг деген австралиялық покер ойыншысы Лас Вегас қаласында кездейсоқ жолығып қалады. Таныс-біліс кезінде Рич Алати қараңғы жерде бір айын өткізе алатынын айтады. Рори Янг болса Рич Алатиге тас қараңғыда бір ай бойы жатуға шыдау мүмкін емес екенін айтады. Осылайша екі покерші бәстеседі. Бәстің шарты бойынша Рич Алати бір ай (30 күн) уақытын қараңғы, ешқандай жарық түспейтін, ешқандай дыбыс та кірмейтін ванна бөлмесінде смартфон немесе басқа да гаджетсіз өткізуі керек. Бәс құны… 100 000 доллар (біздің ақшамен 42 миллион теңгеден асады). 

 Сонымен Рич Алатиге «қамалатын» ванна бөлмесі дайындалады. Рич Алати «абақтысына» кіреді. Есік жабылады. Ол қай уақыт екенін, қанша күн өткенін біліп алмауы үшін оған тамақ әртүрлі уақытта беріліп отырады. Бәстесу кезінде Рори Янгтың оңай ұтыстан дәмесі зор болған. Бірақ Рич Алати оңай шағылатын жаңғақ емес болып шықты. Бірер күннен соң неше түрлі нәрсе елестеп, галлюцинацияларға бой алдырса да, барынша шыдап бақты. Екі апта өткен кезде мониторлар арқылы «тұтқынын» бақылап отыра беруден жалыққан әрі қомақты қаржының жартысын болса да өзінде қалдыруды ойлаған Рори Янг Рич Алатиге қамақтан шығып, ақшаның жартысын алуды ұсынады. «Тұтқын» бұған келіспейді. Басқа ұсыныстардан Рич Алати бас тартады. 

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтсақ, 20 күн өткен кезде Рич Алати 62 400 долларды алуға келісіп, түнекбәстің жеңімпазы болып, тура мағынасында жарық дүние есігін ашады. 

Солай... өзім бұлай 20 күнімді қараңғы жерде өткізуге шыдай алмас едім деп ойлаймын. Сіз ше?