Қоғам

"Малшылар мерекесі керек"

Елімізде сан түрлі мереке бар. Енді Қазақстан күнтізбесінде «Шопан ата» атты жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бұл туралы « Шопан ата» ұлттық мал өсіріушілер қауымдастығының негізін қалаушы Алмасбек Садырбаев айтты.

"Ағайын!

Осыдан бірнеше ай бұрын еліміздегі шаруалардың атынан президент Қасым-Жомарт Кемелұлына Қазақстан күнтізбесінде «Шопан ата» деген атаумен малшылар белгілеу ұсыныс хат жолдаған едім.

Осы мәселе қазір үкіметте қаралып жатқанын қуанышпен хабарлаймын!

Бұл туралы Ауылшаруашылық Министрлігінен ресми хат келіп жетті. Онда «Шопан ата» Ұлттық мал өсіріушілер қауымдастығының бастамасын министірлік толық қолдайтынын және оны арнайы бекітіу жұмыстары басталғаны туралы жазылған.

Малшылар мерекесі көп мейрамның бірі емес. Бұл ұлтына қарамастан Қазақстан халқын біріктіре алатын, ел экономикасына серпін бере алатын,ауылдағы ағайынның еңсесін тіктейтін нағыз идеологиялық жұмыс!

Сондықтан аталмыш мәселені әрі қарай да бақылауда ұстаймыз.

Ашық хатымызды қолдаған барша тілеулес оқырманға алғыс білдіремін!

Құрыметпен, Алмасбек", - деп жазды Facebook парақшасында.