Назым Самет: «Журналистика - үлкен өмір мектебі»

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультетінің магистранты, Мемлекеттік Грант иегері, Тұңғыш Елбасы Қорының стипендиаты, халықаралық конкурстардың жүлдегері, журналист Самет Назыммен жүргізілген сұхбатты тарту етемін

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бағдат: Армысыз, Назым апай, сізбен қазіргі жағдайға байланысты, жүзбе-жүз кездесу өткізе алмасам да, инстаграм онлайн платформасында қауышып отырғаныма қуаныштымын. Жалпы, көңіл-күйіңіз қалай?

Назым Самет: Көңіл-күйім жақсы, рақмет. Бүгінгі күнімді арнайы «Қолтаңба» газетіне арнап отырмын. Түске дейін жұмыста болып, сіздермен қазір емен-жарқын әдемі сұқбат құруға дайындалып отырған жайым бар. «Қолтаңбаның» кейіпкері болып отырғаныма өте қуаныштымын.

Бағдат: Жақсы, онда сұқбатымызды бастайық. Сізді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің түлегі, «Ақиқат» ұлттық-қоғамдық саяси журналының тілшісі ретінде танимыз. Артыңыздан еріп келе жатқан іні- сіңлілеріңізге үлгі тұлға болып табыласыз. Жалпы, шабытты қайдан аласыз?

Назым Самет: Жақсы, айтады ғой «менің өзімнің  білгенім – ештеңе білмегенім» ,- деп алайда, оны кейбір адамдар мұны да білмейді деп, біз ақылсынып, даңдайсудан аулақпыз. Дегенмен де, өзіміздің журналистика факультетінде жүргендегі, оқу барысындағы не болмаса, оқумен қатарласа жұмыс барысындағы тәжірибеммен бөлісуге әрқашан дайынмын.

Алғашқы сұрағыңыз шабыт туралы ой ғой.. Негізі адам шабытты қайдан алады? Шабытқа әр адамның көзі әрқилы. Мысалы, мен шабытты ата – бабамыздың жүріп өткен жолынан, сол кісілердің жаухар жазбаларынан, еңбектерінен аламын десем болады. Шабытты кейде қарапайым ән ғана немесе ата – анаңыздың қолдау сөзі ғана сізге шабыт сыйлауы мүмкін. Өміріңіздің қызық не болмаса ұсақ – түйек, маңызды деген заттардан шабыт алып, оны әрі қарай шығармашылығыммен ұштастырамын, осылай.

Бағдат: Жауабыңызға рақмет. Сіздің ойыңызша, журналист деген кім? Ол жастайынан «сөзге шешен, ойға жүйрік» болады деп ойлайсыз ба?

Назым Самет: Журналист... Журналистика мамандығын біреуі мақсатты түрде, біреуі жай ғана таңдау болмағандықтан, яғни, жай жүргінші, жолаушы ретінде таңдап жатады. Егер де, өзімнің жеке өміріммен байланыстыратын болсам, мен Джек Лондонның дәл Мартин Иденіндегідей тағдырдың қиындығына, тауқіметіне, өмірдің сынағы қанша кездессе де, одан сүрінбей, «жазамын, жазушы боламын» деген мақсаттан таймай, үлкен бір мақсат қойып, журналистикаға келдім деп айтсам өтірік болатын шығар... Журналистикаға ең алдымен, мектеп қабырғасындағы сіздің гуманитарлық бағытындағы іс –әрекеттеріңіз алып келеді деп айтар едім. Мәселен, мектеп қабырғасында жүріп әртүрлі халықаралық, республикалық конференцияларда сөз алып, жүргізуші болдым. Кейіннен, біздегі «Өлкетану», «Абайтану» мұражайында таныстырушы ретінде оқушы тарапынан кішігірім қызмет көрсететінмін. Кейіннен, сондай – ақ, «Абай Нұры» атты мектепшілік газетте түрлі мақалаларым жарық көрді. Осылайша, журналистикаға ақырындап қадам бастым. Негізінде, менің Қазақ Ұлттық университетіне келуім өте қызықты болды. ҰБТ-дан жинаған нәтижем филология факультетінің орыс бөліміне немесе қазақ әдебиінен мұғалім ретінде тегін оқуға мүмкіндік берді. Бірақ, журналистика факультетіне тек ақылы бөліміне  ғана түсе алдым, бірақ арманым мен мақсатымды бәрінен биік қойдым да, ақылы бөлім болсын, журналистика факультетіне ақылы бөлімге тапсырдым. Осылайша, оқу барысында, 2 – курс оқуда, мемлекеттік грант иегері атандым.

Бағдат: Өте керемет, сізден үлгі алатын іні-сіңлілеріңізге үлкен мотивация дер едім. Ал енді, дана Абай атамыздың:

«Біріңді - қазақ, бірің – дос,

Көрмесең істің бәрі бос»,- деген дәйексөзіне өз көзқарасыңызды айтсаңыз? Жалпы, қазіргі қазақ халқына қатысты жайт деп ойлайсыз ба?

Назым Самет: Абай атамыздың әрбір сөзі - бүгінгі күннің көрінісі деп айтсақ болады. Біз өткен мен бүгінге көз тастасақ, оны сараптасақ,  әр кезде Абай атамыздың нақыл сөздерінен, жүріп өткен жолдарынан көрініс табамыз. Ол кісінің әрбір сөзімен келісуге болады. Мәселен, сіз келтіріп отырған:

«Біріңді – қазақ, бірін – дос,

Көрмесең істің бәрі бос »,-дегені, түптеп келгенде бірлікке, ел арасындағы ауыздықты жоюға, халықты біртұтастылық пен досытыққа шақыратын үлкен бір ұлағатты сөз деп білемін. Біздің бүгінгі таңда, қоғамда, кемшілік жақтарымыздың жетіспей тұрған тұсы осы шығар, яғни, көп тұста, біздің ойымыздың бір арнада тоғыспауы, қарама – қайшы келіп, кейде өзімізді ұятқа қалдырып, масқараланып қаламыз. Осындай сәтте Абай бабамыздың сөзіне көз жүгіртсек, ой жүгіртсек жақсы болар еді.

Бағдат: Иә, дұрыс айтасыз. Сізбен толықтай келісемін. Келесі сұрағым өмірдегі жалпы адам болмысы жайлы.  «Өмірдің мәні неде?» - деп ойлайсыз. Мысалға, әр адам өзінің белгілі бір мамандығын таңдайды. Айтпақ ойым, әр адам ол жазушы болсын, танымал актер болсын, не болмаса әсемпаз суретші болсын... Кей адамдар өзінің адамдығынан тайып кете жаздайды, дәл осындай сәттерде, не нәрсе басты рөл атқарады деп ойлайсыз, адамның адамдығы немесе адамның мамандығы?

Назым Самет: Адам үшін не маңызды? Ұстаным деген дүние бар...  Менің бір ұстанымым бар: «Адам болып келдім дүниеге, адам болып қайту арманым»,- деген. Ұстаным деген нәрсеге көңіл бөлгім келіп отыр. Ұстанымды жеке өзім үшке бөліп қарастырамын. Ең бірінші, адами ұстаным. Бұл жерге біз рухани дүниелерді жатқызамыз. Мәселен, жаңағы ақиқат жолында жүру, біреудің ала – жібін аттамау сияқты ұстанымдар. Тұрмыстық ұстаным дегендер болады, яғни, қарапайым тіл мәселесін жатқызуға болады.Күнделікті өмірде орыс тілін қазақ тілімен араластырмай, шұбарламай сөйлеу деген сияқты ұстанымдар. Сәл тақырыптан ауытқып кетіп жатырмын. Бірақ, дегенмен де, сол ұстанымға негізделе отырып, адам өзінің өмірлік миссиясын атқарады. Сіздің сұрағыңыз рухани құндылық жайында, иә?

Бағдат: Иә,дұрыс айтасыз. Адамгершілік, рухани құндылық жайлы сөз қозғасаңыз...

Назым Самет: Бүгінгі таңда рухани құндылық өте құнды деп ойлаймын. Біз, көбінесе, материалдық құндылыққа мән беріп, рухани құндылық жағына мән бермей жатамыз.

Бағдат: Жауабыңызға рақмет, шынымен де, дәл қазіргі қоғам рухани құнлыққа зәру дегім келеді. Назым әпке, журналистикаға келуңіздің ерекше бір себебі болды ма? Өміріңізде орын алған қызықты жайттан үзінді болса, айта отырыңыз.

Назым Самет:  Ерекше бір себеп болмады, жоғарыда айтқанымдай, мектеп қабырғасынан түрлі байқауларға қатысып, гуманитарлық бағытта жүріп, сабағыма ден қойдым. Осылайша, журналистикаға келдім. Бірақ, журналистикада, өмірдегі болып жатқан құбылыстар мен оқиғаларға бейжай қарай алмайтынмын. Яғни, кез келген дүниеге өзімнің ашық пікірімді жеткізіп отыратынмын, үнсіз қалмайтынмын. Сондықтан да, есту үшін, шын ақпарат беру үшін,  халыққа сөзім мен ақпаратымен, кәдімгідей дәрідей көмегім болуы үшін, осы журналистиканы таңдадым деп ойлаймын. Негізі журналистика адамды өзі таңдайды деп айтады. Кез-келген мамандық адамның жеке болмысы мен мінезімен ұштасып жататыны сияқты, журналистикада, икемім болғандықтан шығар, бәлкім... осы салаға келгендігім.

Бағдат: Жалпы, журналисттің өзіндік жеке ойы, тоқталымы болуы қажет деген қорытындыға келесіз ғой.

Назым Самет: Иә, әрине. Журналистикада кейбір мәселерді шынайы жеткізе білу керек. Біз 4 жыл бойы Журналистика факультетінде оқып жүргенімізде де, «мен журналистпін» деп айтпасақ та, «мен болашақ журналистпін» деп айтатынбыз. Бүгінгі таңда мен оқуымды магистратура бөлімінде оқып, жалғастырып жатырмын. Дәл қазір «Мен журналистпін» деп айтуға да уақыт келді, себебі, Аллаға шүкір, қолымызғы Қызыл Дипломымызды алдық. Өте қуанышты жағдай, ең бастысы ұлтымызға адал қызмет етеміз деген ойдамын.

Бағдат: Сіздің инстаграм жеке парақшаңыздан Қызыл дипломыңызбен суретке түскен шығарылымыңызды көрдім. Сізді шын жүректен құттықтаймын, бұл бізге үлкен мотивация деп білемін, себебі, бірінші және екінші курс бастапқы баспалдық курсы болғандықтан да, үшінші мен төртінші курс университеттік оқудың шыңы дер едім. Журналистика факультетін қызыл дипломмен тәмамдау - әрбір журналист үшін толассыз бақыт пен арман деп білемін.

 Әпке, артыңыздан ерген іні-сіңлілеріңізге қандай кеңес берер едіңіз? Өмірдегі қиындықтарға қалай тайсалмай тұруға, толқынның ағысымен емес, толқынға қарсы жүзудің сырын айтсаңыз...

Назым Самет: Адам өмір сүре келе өзінің қателіктерінен сабақ алады. Сұқбаттың басында атап өткенімдей, біреуге ақыл айтып, жөн нұсқайтындай жаста емеспіз, әлі де қателесетін, соқпақты жолдарымыз көп. Сол себепті, ең алдымен адамның ниеті дұрыс болуы керек. Кез келген істе адам оң ниетті болу қажет; қазір еңбектеніп, оқу оқып жүрген жастарға айтарым,оқудың астарында, ұлтқа қызмет етемін деген мүдде жатуы тиіс. Өзімнің осындай ұстанымым бар. Бізге ата-бабаларымыздың, Алаш зиялыларының аманат еткен ұлан байтақ жерінде, тілінде сөйлеу, сол елге, жерге қызмет ету  - біздің басты парызымыз деп ойлаймын. Сондықтан да, адам өзінің ішкі ұстанымдарына берік болуы қажет, ақиқат жолынан адаспағанымыз жөн. Басқа елдің өркениетін,біреудің мүддесін, басқа руханияттың, басқа елдің жетегінде кетіп біреудің қаңсығын  тансық етпей, тек өзімізден нәр алғанымыз дұрыс деп ойлаймын.

Бағдат: Мына бір сөздің есіме түсіп отырғаны:

«Басқаның цивилизациясын аламыз деп, канализациясына түсіп кетпейік»,-дегені. Ойымыздың бір арнада тоғысуына орай, әр ойыңызды құптап отырмын. Өмірдегі күрестер мен сынақтардан мойымай, алдыға жылжуыңыздың қыр-сыры бар ма? Адамның басына түскен оқиғасына қарай  жалпы екі түрге бөлеміз: оптимист пен пессимист деп. Оптимисттер келеңсіз оқиғаларды елемейді, оларға әр күні – түні күн де, ай да жарық. Ал, пессимисттер, керісінше, қараңғы әлемге түсіп кеткендей болып жаздайды. Сіз, екі аталған бөлімнің қай түріне жатасыз? Қандай кеңес айтар едіңіз?

Назым Самет: Дәл қазіргі жағдайды ескерсек, оқуын аяқтаған жастар «Мені болашақта не күтіп тұр?» «Қандай жұмысқа орналасамын?» деген сауалдары бары анық. Статискаға сүйенсек, жұмыссыздық біздің қоғамда белгілі бір дәрежеде білініп жатыр. Кеше ғана: «Әлі де елімізді жұмыссыздық күтіп отыр»,- деген болжам жасалынды.

Адамды алға жетелейтін қозғаушы күші болуы қажет, ол бәлкім ата –ана, сіздің мақсатыңыз  не болмаса, бала күніңіздегі арманыңыз болуы мүмкін. Сол дүниені қайта еске алып, мың қайтара ойлаған сайын сіз оған қол жеткізуге талпыну керексіз деп ойлаймын. Кейбір адамдар күйзеліске жақын келеді,яғни, өз – өзін тастап, кез-келген табиғаттың, күздің әсері деп көңілсіз жүруі де мүмкін. Бірақ,сіз, түптің түбінде өзіңізге есеп беруңіз керек. Кез-келген батпақтан, қиындықтан алып шығара алатын адам,ол – өзі. Абай атамыздың мына бір сөзі: Өзіңе сен, өзіңді алып шығар еңбегің мен ақылың екі жақтап»,- дегені бар. Өзімізге сенсек, ес жия аларымыз сөзсіз. 

Бағдат: Жақсы, толыққанды жауабыңызға рақмет. Өмірге адам болып келу оңай, ал адам болып қалу қиын. Әсіресе, журналистика саласында рухани құндылық, рухани мәдениеттілік, адамның мәдениеттілігі мен тәрбиелілігі, тектілігі үлкен рөл атқарады дегенге келісесіз бе?

Назым Самет: Адамның тәрбиесі, мәдениеті, этикасы, тек қана журналистика саласында ғана емес, ол өмір бақи адамды алып жүретін Темірқазық іспетті, әрқашан да қолдап, қорғап адамға бағыт-бағдар беріп жүретін құндылықтар деп ойлаймын. Адамның бойындағы тал – бесіктен, бала тәрбиесінен, кішкентай кезінен бойына сіңірген дүниелердің барлығы, кейін мектеп кезінде ұстаздардың қолдауымен дамып, одан қала беріп, студенттік кезеңдерде де сіздің ортаңызға байланысты. Ортаңыз бен жора – жолдастарыңызға қатысты, ұштала келе, дами келе адамның бойындағы құндылықтар арта түседі. Журналистикада, негізінен, әртүрлі мінезді журналистер бар.

Бүгінгі таңда, журналистикада, мынадай бір дүние бар. Бейтараптылық деген...  Болашақта, мысалға сіздер, сабақ барысында да профессорлердің, университет оқытушыларымыздан ести жатарсыздар. Журналист ақпаратты бейтарап жеткізе білуі қажет деген. Иә, себебі ол жерде белгілі бір мүддені жақтайтын көзқарас танылмау керек. Бірақ, қазіргі уақытта, бейтараптылық танытамыз деп, ой – пікірсіз қалып жатырмыз. Бір ғана мысал келтірейін, журналист Ерқанат Көпжасар ағамыздың «Неге?» атты ток – шоуы болып жатыр ғой, ол кісінің соншалықты бір тарапты қолдап, не болмаса ұнатпай тұрғандығын ол кісінің көзқарасынан, сөйлеу мәнерінен білуге болады. Ол ақпаратты бейтараптылықпен жеткізгенімен, көзі қарақты көрермен міндетті түрде ағамыздың қай тарапты жақтап немесе не айтқысы келіп тұр, қандай сұрақты суырып алғысы келіп тұрғандығын байқап отырады. Журналистикада бүкпесіз, қорықпай ақапаратты жеткізу үшін, жүректілік қажет деп ойлаймын. Бірінші, екінші курста шәкірт бала кезімізде көп нәрсені айтуға қорқып, көңілге қарап айтпай қалатынбыз. Біздің ой дұрыс болғанмен де, кейде бұғып, үндемей қалуымызға тура келуге кездер де болды. Себебі, бір жағынан журналистік этика бар, алайда сол шеңбер аясында жеткізе білу, ол да бір шеберлікті қажет етеді.

Бағдат:  Жауабыңызға рақмет. Сізге журналистика саласында өзіңізге ұнайтын, «үлгі» деп қарайтын  журналист бар ма, Бар болған жағдайда, ол журналист қай қасиетімен баурап алды?

Назым Самет: Біз Журналистиканы үлкен томдық кітап деп есептейтін болсақ, онда оның әр парағын сабақтап парақтаған сайын, біз, сол қазақ журналистикасы болсын, әлемдік журналистика болсын елінің дамуына, гүлденуіне өзінің  септігін тигізген ұлы тұлғалар мен әйгілі азаматтармен танысамыз. Ол кісілердің жүріп өткен өмір жолымен сыр шертеміз. Мәселен, сабақ барысында да Камал Ысмаиловтың, Шерхан Мұртазаның, Сейдахмет Бердіқұловтың, Оралхан Бөкейдің, Ахмет Байтұрсыновтан бастап Алаш зиялы өкілдерінің, Әлихан Бөкейхановтың, Міржақып Дулатұлының қазақ журналистикасының қалыптасуына, дамуына, дамуына қосқан үлкен үлестерінің әрқайсысына тоқталып, мән беріп өттік, осы 4 жыл бойы. Әрқайсысын бөліп-жарып айту қиын, бірақ, дегенмен де, Шерхан Мұртазаның өткірлігін айтуға болады, ол кісінің мін

мінбеде тұрып, қаншама халықтың мұңын бір ауыз сөзбен, ашық, ешкімнен қорықпай жеткізгенін айтсақ болады. Сейдахмет Бердіқұловтың соншалықты спорт журналистикасына өзінің сіңірген еңбегін, жаңадан стиль қалыптастырған азамат ретінде қарастырсақ болады. Міндетті түрде, Сағат Әшімбаевты айтуымыз абзал, себебі, қандай сұрақ қойсаңыз да бәріне жауап беруге әзір тұратын, бір емес бірнеше саланы қамтитын, интелектуалды білім иесі деп айтуға болады. Міне осы кісілердің жүріп өткен жолы, мен үшін, үлкен өнеге, үлгі әбірет деп айтсам болады.  Сол кісілерден қанаттамын, үлгі аламын.

Бағдат: Және де сол арқылы мақала жазуға шабыт аламын дейсіз ғой?

Назым Самет: Иә, мақалаға шабыт аламын. Ал енді, телерадио саласына келетін болсақ, міндетті түрде радиода Сауық Жапанова апайымыздан, Әнуарбек Байжамбаев аталарымыздан және сол кісілердің дауысына еліктеп, қызығып, тыңдап өстік деп айта алмаймын, бірақ, кейін мұрағаттан тауып, танысып дауыстарына тәнті болдық.

Бағдат: Түсінікті, рақмет. Ал енді, қазіргі кезде, бүкіл әлемді шарпыған короновирус індеті бәріне де: жұмыс, сала жағынан болсын өз ауыртпалығын келтіріп жатыр. Материалдық болсын, рухани болсын індеттің кері ықпалын көріп жатырмыз. Рухани деп айтқым келгені , ол білімнің сапасының бұрынғы уағына қарағандағы өзгерісі. Цифрлы Қазақстан ұғымын білеміз... Жалпы, қазіргі дистанционды оқуға алып –қосарыңыз бар ма? Бір жағынан, білімді боламын, оқимын, өсіп-өнемін деген жастарға  дистанционды оқу білімді тереңірек игеруге тоқтам бола ала ма?

Назым Самет: Білімді аламын, өз бетіммен ізденемін, білімді болғым келеді деген азаматтар үшін бүгінгі таңда шектеу жоқ. Біз тек ойымызда шекара қоямыз, міндетті түрде. Таңдау көп болған сайын,жалқаулығы да арта түседі деген ой ғой мұнда. Бірақ, сіз, бұл сұрақты бірінші сынып оқушыларына немесе балабақшадағы балаларға айта алмайсыз, себебі, олардың білімінің қалыптасуына,міндетті түрде, мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі тиіс. Бүгінгі таңда біз кітаптағы неше түрлі сауатсыздық,қателіктерді байқап жатырмыз, кемшін тұстарын да,көрдік, мысалы.. Оны біздің Білім-ғылым министрі Асхат Аймағанбетов ағамыз өзі реттестіріп, оң қадамдар жасап жатыр, ол қадамдарға бәрі куә.. Алғашқы қадамдар жасалынды. Бұл енді білім саласында ілгері, жақсы, алдыға жетелейтін сенімді қадамдар деп ойлаймын.

  Енді, рухани дүние ғой, бағанағы, сіз айтып жатқан. Қазіргі эпидемиялық жағдай білімге қалай әсер етеді? Қазір кәдімгі күні – түні телефонға телмірген кезде, барлық білімді онлайн режимде алып жатырмыз, ноутбукпен, телефонмен.  Қараңыздар, осының өзінде, біз қаншама біліммен өзімізді қанағаттандыра  аламыз, қанша білім ала аламыз?..  Бір телефонның өзінен, мысалы, қажетсіз дүниелерді көрмей, уақытымызды қалай тиімді пайдаланып жүрміз деген сауалға тірелеміз. Бұл жерде тайм-менеджмент, яғни, уақыттың қадірі деген нәрсе туындайды. Білімді болу үшін, міндетті түрде, оған сәйкес уақыт бөлінуі қажет. Сәйкесінше пропоционалды уақыт бөлсеңіз, сонша біліміңіз арта түседі. Бағанағы министрліктегі немесе білім саласындағы олқылықтар, болашақта, «көш жүре келе түзелер» деген ойдамыз. Айттыңыз ғой, әлемдік дәрежедегі білім саласы туралы, қазір, Жасанды Интелекттің дамыған кезеңі. Қазіргі таңда көптеген ғылыми жобалар қолға алынып жатыр. Менің дипломдық жұмысым да осы Жасандық Интеллектіге байланысты болған. Бізде жобалар бар, бізде қазір неше түрлі бағдарламалар аясында балалар жоба қорғайды. Бірақ та, бір өкініштісі, сол жобалар аяқсыз қалады. Яғни, оны ары қарай зерттейтін, қадағалайтын орталықтар болуы керек. Осыған дейін қаншама жобалар қорғалды, бірақ  олар қаншалықты өзінің жемісін көрді ол жобалардың? Қаншалықты ол мәселе өзекті болды? Жобалардың нешеуі мемлекет тарапынан қолдау тапты? Негізінен қорғалып жатқан ғылыми жобалар көп...

Бағдат: Иә, олардың өзектілігі тек бір шеңбердің аясында болып қалуы өкінішті нәрсе. Қаншама өзекті тақырыптар, ғылыми жобалар талқыланса да, оны іс жүзінде көріп жатқанымыз жоқ деген тоқтамға келіп тұрмыз ба?

Назым Самет: Шамалы, іс жүзінде емес... Мысалы, түрлі мемлекеттік гранттар бізде бөлінеді, ғылыми жобаларды қорғауға, бірақ, біз оны не істейміз... том-том қағаз етіп шығарамыз да, белгілі бір конкурстар аясында қатысып, бой көрсетеміз, жобамызды қорғаймыз, бірақ ол жоба сол қалпында қалады. Яғни, ол тақырыптарды біз іс жүзінде орындауымыз қажет. Жобалардың жақсысын іріктеп, болашақта оны қаржыландыру ісімен айналыссақ, онда ол әлемдік дәрежедегі қаралатын дүние болатын шығар, бәлкім. Мысалға, Назарбаев универститетінде күннің көзінен, желден алынатын энергияны бір жүйеге, ресурсқа жинайтын арнайы қондырғылар ойлап табылды. Бұл нәтижелі жұмыс Кембридж университетімен бірлесе отырып жасалынды дейді. Яғни,  біздегі кішігірім жобалар үлкен ғылыми бастауларға алып келуі тиіс.

Бағдат: өте орынды айттыңыз, әр істің жақсылығы болсын дегім келеді. Қазақстан мемлекетінің білім мен ғылым жағынан алдыңғы қатарлардан орын алса деген тілегіміз бар. Дистанционды оқу жайлы сөз тарқаттық, енді кітап жайында шер тарқатсақ дегім келеді. Кітапты сыртқы мұқабасына қарап емес, ішіне қарап таңда дейді ғой. Сіз кітапты сыртқы пішіні, не болмаса әсемдігіне қарай таңдап аласыз ба?

Назым Самет:  Жоқ, міндетті түрде тізім жасаймын. Мәселен, маған қажетті, осы бір-екі айда оқитын, қай салада жүрмін, сол салаға қатысы бар немесе өзгелердің кеңесі бойынша оқығым келетін кітаптардың тізімін жасаймын. Сол тізім бойынша, кітапты іздестіре бастаймын. Қосымша ақпаратты біздің Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті береді. Негізі, ресурстар өте көп. Ал, кітапты таңдауда ең алдымен, бұл адамның қажеттілігіне, мұнда кітаби сауаттылық деген бөлек қарастырылады қазір. Бұл жерде адам, өзіне не қызықты соған қарай оқиды ғой.

Бағдат: Иә, дәл айттыңыз. Әр адам кітапты өз қажеттіліктеріне сай оқиды, сол арқылы өзінің мақсаты мен арманына бір қадам болсын жақындайды. Яғни, өзінің жеке қызығушылықтарымен қатар таңдалынады. Сіз кітап оқығанда кітаптың қандай ерекшелігіне мән аударасыз? Кітапты қандай әдіспен оқығанды жөн көресіз?

Назым Самет: Кей-кейде мазмұнына қараймын, мысалы,маған тансық, көбісі біле бермейтін авторларды оқыған кезде, міндетті түрде оның тақырып атауларына қараймын. Бұл жерде тағы бір мәселе туындайды журналистикада. «Тақырып- бір түйенің жүгін арқалайды»,- дейді, бұл жерде қалай тақырып қойсаңыз, ол ары қарай өзі солай қалыптасады, соған орай оны сол түрінде қабылдайды. Сол себепті біріншіден тақырыпқа, екіншіден, кітапты оқып, өз ойын қалдырып кеткен пікірлерге қараймын. Яғни, маған тансық әдеби жанрдағы кітаптар болса, ең алдымен, ол жайында не айтады, пікірлерін қарап аламын. Ал, енді ол белгілі салаға мамандануға арналған кітаптар болса, мен оны бірден аламын. Себебі, ол жерде маман, жұмыс тақырыбы болғандықтан да, көп кұнды нәрселер жазылады.

Бағдат: «Адам негізі – білім нәрімен сусындау»,- демекші,түсінікті, жауабыңызға рақмет. Қазіргі кезде телевидения саласына көз жіберсек, сіздің ойыңызша, қай телеарна нақты әрі шынай ақпаратты жеткізеді?..

Назым Самет: Енді, зулап өтіп жатқан заманда, қанқуыт заман тіршілікте, кейде теледидар көруге де уақыт таппай қаламыз. Мысалы, таңнан кешке дейін жұмыс, жұмыстан келгеннен кейін сағат бестен бастап қазір оқу, алдыңғы жылдары да солай болған. Оқудан кейін кіщкене кітапқа уақыт бөлеміз, уақыт табылып жатса, жазбаша дүниелермен отырамын, сондай сияқты, қазіргі жеке өмірім бойынша айтатын болсам, осылай өтіп жатыр. Журналист болғысы келетін адам, күнделікті хабарды қосып, теледидар көріп отыруы тиіс дейді. Бірақ, үйде ата-анам көк жәшікті қосып қойғаннан кейін, кейде еріксіз, тамақ ішіп отырып міндетті түрде, КТК, 31 Телеарна жаңалықтарын ғана көіп үлгеремін. Әйтпесе, жай күндері аса уақыт бөле қоймаймыз. Бірақ, дегенмен де, мен айтайын әлі күнге дейін Қазақстан ұлттық телеанасының XIX ғасыр қалыптасу кезеңінен бастап, ардагерлер қызмет еткен уақыттан бастап, мысалға Құсман Игісінов атамыз, мен атап өткен радиодағы Әнуарбек Байжанбаев ағаларымыз, Райхан Сейітова сияқты, сол кісілердің қызмет еткен уақыты қазақ журналистикасының «Алтын ғасырлы уақыты» деп айтсам болады. Сол кездегі уақытқа зер салсақ, кәдімгідей үлгі алуға болады.

Енді менің шын мәнінде, көңілім қалған арна, бұл Қазақстан ұлттық телеарнасы. Неге... Бірде бір себеп, айтарсыздар, ең алдымен журналисттік бір талғамды көрмеймін. Бұл жерде бір журналисттік этикадан шығып кететін тұстары бар, мысалы, Таңшолпан бағдарламасы, ашық айтайын, кейбір сандарын байқасам, сөйлеген сөздері, орынсыз сөз тіркестері – осының барлығы кейде көңілді көншітпейді. Екінші бір себеп, Ұлттық Телеарнаға байланысты, трайвализм, міндетті түрде бассыздық орын алады. Осы бір-екі себептермен Ұлттық Телеарнадан көңілім қалған тұсы бар. Бірақ, қазіргі таңда Азамат Кеңесұлы басқарып отырған «Абай ТВ»  телеарнасы шықты ғой, биыл ғана.

Бағдат: Иә, дана Абай атамыздың 175 жылдығына орай естіген жақсы жаңалығымыздың бірі дер едім. Жалғастыра беріңіз.

Назым Самет: «Беймәлім дерек» мысалы, «Дала өркениеті» сияқты бірнеше бағадарламар бар, бұл арна маған ұнады, өте сондай танымды, біздің ұлттық құндылықтармызды насихаттайтын бірден-бір ұлттық арна. Күні кеше ғана театр әлемінен ұзінділер көрсетті. Қаншама халық үйде отырып, театрмен сусындап қалды, сондай сағынышын басу үшін, мысалы, Абай ТВ арнасы бүгінгі күнде осынша мүмкіндіктер сыйлап отыр. Маған өте қатты ұнайды «Абай ТВ» телеарнасы. Бет-алысы жаман емес, Ұлттық арнадан маған ұнайтыны «Ауылдастар» атты кино, кеше көргенім, Гүлнәз Ауданбаеваның бағдарламасы болып табылады. Шынайы, реалды болғаны өзіне тартады дегім келеді. Көп жағдайда, маған Ұлттық арнаның ұнамайтыны, сіздер білесіздер, бізге түрлі-түсті призманың көзілдірігімен өмірді көрсеткісі келетін сияқты. Сол тұсы ғана ұнамайды. Мысалы, мен неге «31 арнаны» қарағым келмейді, ол арнаны қашан қосып қалсаңыз, жарнама жүріп жатады. Міндетті түрде жарнама болады, жарты сағатқа уақытымды кетіргім келмейді. «КТК» арнасына келетін болсақ, ол арнада түрік не басқа ұлттың киноларын көрсетеді, маған мысалы ол ойға қонымсыз. «Ел арна» ұнайды. Еларнада мысалға, біздің бұрынғы түсірілген ұлттық фильмдердің түсірулі тарихы, актерлық құрамасы айтылады. Түрлі актерлардың өмәрбаяны, өте қызықты, танымды менің пікірімше.

Бағдат: Жауабыңызға рақмет. Бірақ, менің ойымша, «31 арна» басқа телеарналарға қарағанда шындықты дәйектеп, елімізде орын алып жатқан оқиғаларды шынайы, бояусыз жеткізеді деп санаймын. . Ерқанат Көпжасар, Ирина Советжанқызы сынды журналист аға-әпкелеріміздің өзіңізге ұнамды журналисттік қасиеттерін айтып берсеңіз.

Назым Самет: Ирина Советжанқызы, қателеспесем, 2 –курс оқып жүргенімізде ол кісімен бірге кездесу болды. Студент кезімізде сұрақтар қойдық, бағдарламаның дайындалу барысы жөнінде айтты. Бір ұғынғанымыз, жаңалықтар жасау – ең қиын дүние. Біз жаңалықтарды дайын күйінде көреміз де, оған дейінгі, ұлан- ғайыр еңбектің жатқандығын да білуіміз керек. «Оператор еңбегі, ақпаратты ізденіс барысында  қаншама қарама –қайшылықтар бар, «арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмей», сондай тепе – теңдікті ұстап, ақпаратты жеткізе білудің өзі – өнер» ,- деп айтқан ол кісі. Ерқанат Көпжасардың бүгінгі таңда «Неге?»  Атты жаңа бағдарламасы  керемет деп айтсақ болады. Бірақ, қараңыз, бұл жерде тағы да мәселе қозғалады, айтылады. Дегенмен де, шешімі бар ма деген сұрақ туындайды. Бірақ бізде ондай нәрсе бірден келе қоймайды. Яғни, біз оған кезеңдеп келуіміз керек. Осындай бағдарламалардың санының артуы халықтың сөз бостандығына, бір жағынан, еркін ойлауына, сөзін жеткізуіне, осындай сіз бен біз сияқты талқылауды, кез – келген резонанс тудырған мәселелерді емен  жарқын, ашық әңгімелесуге алып келеді. Осындай бағдарламалардың санының артуы – бірден-бір үлесі. Ерқанат Көпжасар ағамызбен де сұхбаттасқан болатынбыз, қысқы медиа оқу орталығына барғанда. Сұхбаттасқанда, әр материалды отырып, қалай жасалынатынын талдаған болатынбыз.Әр материал арқылы қандай ойды жеткізгісі келетіндерін де талқыладық. Сіз айтқан Мақсат Толықбайды инстаграм желісінен білемін, өткір жазбаларын, бірақ тағы да, бір мәселе бар. Мінез деген. Кейбір журналисттер біреудің айтқанын істеп, материалын дайындап,  ақшамды жүргізсем болды деп ойлайды да, осындай ұлтқа түрткі болатын дүниелерді жасап шығарайын, жоба болсын, You Tube арнасында өз ойымды білдірейін деген дүниелер тысқары қалып қалады. Ол адамның өзінің мінезіне байланысты. Ал, міне өз пікірін жеткізетін, қандай жолмен болсын, өзінің ойын айтқысы келетін тұлғаларға шектеу жоқ, оның дәлелі «Неге?»  бағдарламасы. Осындай кісілердің өткір мінездері деп білемін.

Бағдат: Жақсы, рақмет, түсінікті. Келесі, Нартай Аралбайұлының «Мәселе» бағдарламасын көргеніңіз бар ма? «Мәселе» және «Неге?» сияқты бағдарламалардың басты тақырыбы артта қалып жатады, оны еститін, көретін, талқыланған мәәселенің алдын алу керектігін Үкімет тарапы жайында не айтар едіңіз? Әрине, мұндай бағдарламалардың бар болуы халықтың көзі ашылып, көкірегі ояу болуының себебіне әкеледі. Менің ойымша, халық ақиқатты айтпаса да біледі. Осы жайлы сөз қозғасаңыз...

Назым Самет: Әркімнің өзінің шындығы бар, әлбетте.  Нартай Аралбайұлының да бағдарламасы белгілі бір дәрежеде шындықты шырылдап жеткізуді мақсат еткен бағдарламалардың бірі. Бірақ, бір нәрседен қорқамын, ондай нәрселер әдетке айналып кетуі мүмкін. Айтады,айтады, ондай бағдарламалардың саны көп, бірақ оған құлақ асып жатқан адам бар ма? Үкімет те оған әбден үйреніп қалуы мүмкін, айтады, айтады, айтылуы қажет нәрселерді деп... Бірақ, «Мәселеде де» көрсетіп жатады ғой, журналисттер өзі ақ басып, белгілі бір нысанға, объектіге барып жатады, кейбіреулерінің есігін қақса, аша алмай жататындығы да көрсетілген. Тіл мәселесіне де қатысты дүниелерді де көтереді. Жалпы, бағдарламалардың жүргізілу форматы әртүрлі ғой. Біреуі ток-шоуды респонденттерді сөйлету арқылы жүргізсе, екіншісі -  түрлі дүниелерді сындыру, көрдіңіз ғой.

Бағдат: Эфир өз мәресіне жетіп қалыпты, сұқбатыңызға рақмет, сізге болашақта, журналистика саласында шығармашылық табыс тілеймін. Арман-мақсатыңыз орындалса екен, себебі, басты мүддеңіз халыққа қызмет ету, халықты шын ақпараттар арқылы жарқын болашаққа жетелеу болып табылады. Эфирдің басты серіктестігі «Қолтаңба» газетіне алғысымды білдіремін.

Назым Самет: Иә, сіздерге де рақмет. Қолтаңба газетінің қонағы болып отырғаныма қуаныштымын. Сіздерге де тек жақсылық тілеймін!