Bugin

Неге қазақтар Түркиядан жаппай үй сатып алуда?

Бір жылда 1,5 есе көбейген

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Түркияда баспана алушы қазақтардың үлесі алдыңғы жылдан екі есе өскен. Қазақтардың көбірек үй сатып алуына пандемия мен Түркия шекарасының жабылып қалуы да әсер етпеген. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Traniо халықаралық жылжымайтын мүлік брокерінің деректеріне сүйенсек, былтыр қазақстан азаматтары Түркиядан 1171 үй сатып алған. Ал алдыңғы жылы бұдан үй сатып алған қазақстандықтардың саны бұдан екі есе аз болған. Ең қызығы, Түркияның өзінде тұрғын үй сатылымы біршама төмендеп кеткен.

Егер 2019 жылы шетел азаматтары Түркиядан 46 мың үй сатып алса, былтыр 41 мыңнан аса пәтер алған. Бұл – 10 пайыз аз.

Түркияның Статистика институтының деректері бойынша, былтыр түрік елінен ең көп пәтер сатып алғандар – Иран азаматтары екен. Олар 7 мыңнан аса пәтер алған. Екінші орында – ирак азаматтары, олар алған пәтер саны 6600-ден асады. Үшінші орында – орыстар, 3 мыңнан аса пәтерді иемденді.

Ал бұл бойынша қазақтар 9-шы орында тұр. Жоғары айтылғандай, 1171 адам түрік пәтерінің иесіне айналды.

Неге қазақ азаматтары Түркиядан үй алуға құмар?

Қазірде Түркияда Қазақстанның 23 мың азаматы тұрып жатыр. Басым бөлігі Ыстамбұл, Анталья, Анкара және Бурса қалаларында тұрады.

Түркиядан қазақтардың пәтер сатып алуының басты себебі, бір жағынан, тұрғын үйге инвестиция құю болса, екінші жағынан пәтерді жалға беру арқылы табыс табу.

Мәселен Түркияда 50-70 мың шаршы метр пәтерді 50 мың еуроға сатып алуға болады. Оны айына 250-300 еуроға жалға беруге болатын көрінеді. Түркияда табыс салығы – 4% ғана (Қазақстанда – 10%).

Сондай-ақ Түркиядан 250 мың долларға үй сатып алып түрік азаматтығын алуға болады. Ол үйді шарт бойынша тек 3 жылдан кейін ғана сата алады.

Оқи отырыңыз

Биыл баспана бағасы қымбаттай ма? - Сарапшылар пікірі