Мұрағат

Қос бас басылым неліктен айтысқан?

Екі басылымының көзқарасы келіспей қалуына түрткі болған жағдай, сол заманның өзекті мәселесінің бірі – жер мәселесі мен қазақтың шарушалығы еді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Жиырмасыншы ғасырдың басында, қазақ елінде ащы шындықтары ашып отырған газеттер көптеп шыққан болатын. «Торғай», «Серке», «Орал», «Қазақстан», «Айқап» және «Қазақ» газеттер мен журналдардың тарихтан сол замандағы қиын өмірді ашып жазып, халықтың қоғамдық-саяси көзқарасының оянуына барынша түрткі болғанын жақсы білеміз. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің тарихи маңызы ерекше болды. «Айқап» қазаңтың тұғыш журналы болса, «Қазақ» газеті «Алаш партиясының» негізгі баслымы болып, парияның мақсаты, жоспары осы газет бетінде жарық көріп тұрды.

«Айқап» журналы қазақ үшін маңызы журнал. Әрине, басқа газеттер мен журналдардың маңызы төмен деп айта алмаймын. Бірақ екі басылымның да алғашқы басылымдардың бірі екендігі, екі басылымның көтерген мәселелері әлі күнге дейін өз маңызын жоймай, қазірге дейін түйінін таппай келе жатқаны баршаға мәлім. «Айқап» журналының редакторы - қоғам қайраткері, ақын, аудармашы Мұхамеджан Сералин болса, «Қазақ» газетінің редакторы - қазақтың ақыны, педагог, аудармашы, «ұлттың ұстазы» атанған - Ахмет Байтұрсынұлы басқарды. Екі басылымның көтерген мәселелері сол замандағы шешімін таппаған өзекті мәселелер еді. Қазақ еліне бірдей қызмет еткен бұл екі басылымды бір-біріне қарсы қарастыруға мүлдем болмайды. Бірақ тарихқа көз салсақ, екі басылымының ойлары бір тұсақа келіспеген, кейде арасында келіспеушілік болғандығын көреміз. Әрине, әркімнің өз пікірі, өз ойы, өзінің жеке көзқарасы бар. Сол себепті бұл жағдайды қатты сынаудың қажеті жоқ.

Екі басылымының көзқарасы келіспей қалуына түрткі болған жағдай, сол заманның өзекті мәселесінің бірі – жер мәселесі мен қазақтың шарушалығы еді. «Айқап» пен «Қазақ» шығып тұрған кездері, елде саяси ахуал өте нашарлап, елге шет елдіктерді орналастыру, мал шаруашылығымен күн көріп отырған қазақ елінің жерін тартып алу, өз құқықтарын шектеу секілді мәселелер өз шешімін таппаған болатын. Сондықтан екі басылым да бұл мәселе туралы өз ойларын айтып, тарқатып отырды. Осы тұста қос басылымның арасында келіспеушіліктер орын алып бастады.

«Айқап» өзінің кезекті бір мақаласында: «Біз көшпеліліктен бас тартып, отырықшы ел болуымыз керек.Отырықшы болған ел білім алуға мүмкіндік алады, егін егіп,басқа да шаруалармен айналыса алады” деп өз ойын ашық түрде жариялаған болатын. Кейіннен «Қазақ» газеті қазаққа 15 десятина жер беріп, бізді өзіміздің ата-дәстүрімізден алшақтатпақшы, мал шарушалығынан отырықшылыққа көшірудің арқасында құйтырқы жоспар тұр деп жазды. Оған қоса мал кәсібі біздің ата шарушалығымыз, егер мал шарушалығынан бірден отырықшылыққа көшер болсақ, өзімізге қиын болады, әрі бұл ұзық уақыт алады деп өз пікірін жеткізді.

Әрине, екі басылым арасында бір-біріне деген керағар пікірлер болғанменен, қос басылым бірінің сөзін екіншісі сөйлеп,әрдайым бірін-бірі қолдап отырған. Сол себепті «екі басылым араз болған, екі басшының арасы нашар болған» деген жаман пікірді ойламағанымыз жөн. Қанша дегенмен, «Айқап» журналы болсын, «Қазақ» газеті болсын, қазақты барынша қолдаған, ұлты үшін барын салған басылым екендіктерін естен шығармауымыз керек!