Денсаулық

Зімбірді дұрыс тұтыну жолдары

Диетолог Мария Черняева зімбірді тұтынудың дұрыс жолдарын айтты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Оның айтуынша, бұл өнімді кез келген түрде қолдануға болады деп хабарлайды Bugin.kz платформасы 24kz-ке сілтеме жасап. 

Дәрігер оның құрамында көптеген дәрумен мен микроэлементтер бар екенін атап өтті. Құрғақ түрдегі зімбір өзінің пайдалы қасиеттерін ұзақ уақыт сақтайтынын, ал маринадталған зімбірдің бактерияға қарсы және паразитке қарсы әсері бар екенін түсіндірді.

Сонымен қатар зімбір кәмпит түрінде де өзінің емдік күшін сақтайды. Маман зімбірді бір уақытта 80-100 грамнан артық жеуге болмайтынын ескертті. Бұл өнімнің қанды сұйылтатын әсері бар, сондықтан өт қабы аурулары кезінде кері әсер етуі мүмкін. Диетолог қанды сұйылтатын дәрілерді қабылдау кезінде зімбірді көп тұтынбау керектігін айтты.

Ал америкалық ғалымдар зімбір шайының емдік қасиеттері бар екенін, соның ішінде холестерин деңгейін, қатерлі ісік қаупін төмендететінін хабарлады. Сонымен қатар зімбір буындардағы ауырсынуды жеңілдетеді.