Bugin

Қысқа арналған дәмді салат

Қырыққабат, бұрыш, пияз және сәбізден жасалған қысқы салат. Өте дәмді!

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Үлкен тегенеге ретпен бірінің үстіне бірін саламыз:

1) ұсақтап тұралған 5 келі қырыққабат;

2) үккіштен өткізілген 2 келі сәбіз;

3) жіңішке туралған 2 келі тәтті болгар бұрышы;

4) туралған 2 келі сарымсақ.

Қабаттап салынған көкөністердің үстінен 200 гр тұз, 400 гр қантты салып, 500 гр қыздырылған сұйық май мен 2 үлкен қасық сірке суын құямыз, ең соңында 10 дана аспиринді үгітіп саламыз. Барлығын қосқаннан кейін жақсылап араластырып, шыны ыдысқа саламыз. Ыдысымыз алдын-ала  зарарсыздандырылған болуы керек. Сонымен қатар әркім өз қалауынша укроп пен сарымсақ қосып, шыны ыдысқа лавр жапырағы мен қара бұрыш бұршақтарын салуға болады. 

Бұл салатты өзін жеуге немесе тағамдарға да қосуға болады. Өте дәмді!!