Әлем жаңалықтары

Covid-19 табылмаған елдер

Бұл елдерде не себепті әлі күнге дейін Covid-19 ауруы табылмаған?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Пандемия бүкіл әлемді  жаулаған жоқ. Ауру табылмаған аралдар мен кішкентай елдер бар. Бұл туралы ztb.kz зерттеп жазды.

Ғалымдар бірде-бір коронавирус белгісі табылмаған Тоскана жағасындағы Джильо аралын зерттеді. Олардың пікірінше, аурудың табылмау себебі аралдың таза ауасы мен тұрғындардың мықты иммунитетімен байланысты.

Сондай-ақ мұхит жағасындағы елдер мен аралдарда да Covid-19 ауруы тіркелмеген. Аталған жерлерге Кирибати, Науру, Ниуэ, Кука аралы, Палау , Тонга және Тувалу  елдері жатады. Әр аталған елдің билік органдары бірден наурыз айында ел ішіне төтенше жағдай енгізіп,карантин шараларын күшейткен. Мәселен, Науру елінде барлық адамға міндетті карантин шаралары қамтылған. Ел ішінде өзге мемлекетке әуе қозғалысына  тыйым салынған.

Тонга аралының тұрғындарына коронавирус ауруына шалдыққан адамдар санының көбеюініе байланысты кешкі сағат тоғыздан таңғы беске дейін сыртқа шығуына тыйым салынған.

Сонымен қатар, КХДР мемлекетінде 2021 жылдың қаңтар айында ешқандай коронавирус тіркеуі болмаған. Осы жайлы Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын қазан айында өткен жиналысында хабарлады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының ойынша, Солтүстік Корея елдегі коронавирус жайлы шындықты жасырып отыр. Себебі,елдегі тұрғындардың жаппай Covid-19 дертімен ауыруы гуманитарлық апатқа әкеп соқтырады.

Эксперттер бөгде елдер ауруға бей-жай қарағанда,  КХДР мемлекеті Қытаймен шекарасын 2020 жылдың қаңтар айында жапқанын айтады. Және  Солтүстік Корея елінің халқы Covid-19 дерті шыққалы тұрақты бетперде тағып,қорғануы -жұқпалы аурудың азаюына септігін тигізді.