Саясат
Қайғылы оқиға
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Астанадағы қайғылы оқиға: өрттен қаза болған бес баланың отбасы туралы белгілі болды
Қасымов өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
"Сараптама жүргізу керек. Өрттің шығуына пеш себеп болған", - деді министр үкімет кулуарында.
Сондай-ақ, өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін марқұм қыздардың ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғала ма деген сауалға да жауап берді.
"Менің ойымша, бұл іс қозғайтындай жағдай емес", - деді Қасымов.
Еске сала кетсек, ақпанның үшінен төртіне қараған түні Астанадағы Көктал-1 тұрғын үй алабында "времянка" өртеніп, бес бала көз жұмды. Қаза болғандардың барлығы – қыз. Балалардың ата-анасы түнгі уақытта жұмыста болған.
Үкіметтің бүгінгі отырысында премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев марқұм балалардың ата-анасына көңіл айтып, әкімдерге тиісті тапсырмалар берді.