Денсаулық

Өлі жүрек қайта тірілді

Британдық хирургтар қыл үстінде тұрған алты баланың өмірін өлімнен құтқарды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ұлыбритания дәрігерлері 12-16 жастағы балаларға өлі жүректерді трансплантациялау бойынша әлемдегі алғашқы операцияны жасады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

NHS дәрігерлері жаңа құрылғы арқылы әлемдегі алғашқы өлі жүрек трансплантациясын балаға жасады. Осылайша британдық хирургтар қыл үстінде тұрған алты баланың өмірін өлімнен құтқарды. Екі жыл күткен донорлық органды алған пациенттердің бірі – 16 жастағы Анна Хадли.

Пандемия кезінде жасалған операциядан кейін ол қалыпты өміріне оралып, қайтадан хоккеймен айналысады. Операциядан бір күн өткен соң, ол еркін отырып тамақтана алды. Екі аптадан кейін Анна ауруханадан шықты. "Мен өзімді қайтадан жақсы сезінемін. Қарапайым өміріме оралдым", - деді Анна.

Дәрігерлердің айтуынша, болашақта жүрек трансплантациясының саны көбейіп, пациенттердің күту уақыты қысқарып, өлім-жетім төмендеуі мүмкін.

"Бұл жаңа әдіс бүкіл әлемдегі мыңдаған баланың өмірін сақтап қалады. Бұл дегеніміз адамдар көп жыл бойы кезекте тұрған науқастарға жаңа өмір сыйлап, жүрегін құрбан ете алады", - деді трансплантолог.

Айта кетейік, бұған дейін Нью-Йорк дәрігерлері АҚШ тұрғынына тарихтағы алғашқы бет пен қолды трансплантациялауды жүзеге асырған болатын.