Bugin

Өзгерген заман ба әлде адам ба?

Жоқ, өзгерген тек адам, ал заман орнында

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Дулат Исабековтың осындай әңгімесі бар еді: “Бір күні үйге екі әйел келді де, “Сіздің дачаңыздың қасында пәтер жалдап тұрамыз. Моңғолиядан келгенбіз, жеті баламыз бар, сіздің үйді сатып алсақ”,- деп мені сол жаққа бастап барды. “Күйеуің қанша жалақы алады?” деп сұрап едім, “500 доллар алады, айына 500 доллардан беріп тұрайық, бізге үйіңізді беріңіз” деді. Балалары қуанып, “Біз үй алатын болдық! Қандай бақыттымыз?!” десіп үйді айналып жүгіре жөнелді. Әлгіні көріп жетім өскен менің көзімнен жас төгіліп кетті.

“Япыр-ай, егер ана балалардың бақыты осы үй болса, онда неге тегін бере салмаймын?!” деп ойлап, “ендеше үйді тегін алыңыздар” дедім. Әлі күнге жеті баланың үйді айнала жүгіргені көз алдымда...” .
Түсіне білген адамға үлкен бір ой салар ғибратты әңгіме. Бұлай жомарттық жасау қазір бірде-бір адам қолынан келмес деп ойлаймын.

Біреуге балшық лақтырғанда есіңде болсын: лақтырған нәрсең жетпей қалуы мүмкін, бірақ сенің қолыңда кір қалады. Көк туымызды мәңгі желбірететін, саналы жастарымыз көп болғай!