Саясат

Назарбаев Артур Платоновты жаңа қызметке тағайындады

Байбек сенім білдірді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Партия басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Артур Платоновты «Nur Otan»-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы етіп тағайындады. 

"Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Артур Платонов «Nur Otan»-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Артур Станиславовичтің қоғамдық және партиялық жұмыста жинақтаған мол тәжірибесі Комитет қызметін күшейте түсуге мүмкіндік беретініне сенімдімін", - деп жазды "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Twitter парақшасында.

Сонымен қатар, Бауыржан Байбек мәжіліс төрағасының орынбасары болып сайланған комитеттің бұрынғы басшысы Павел Олегович Казанцевке атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61