Саясат
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуымен тұспа-тұс келген Алғыс айту күні елімізде 2016 жылдан бері атап өтіледі.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Құттықтау хаты elbasy.kz сайтында жарияланды.
"Тәуелсіздіктің 30 жылдығында өрлеу мен өркендеуге бастайтын жол адамгершіліктің айнымас қағидаларына, толеранттылық принциптеріне, төл тарихымызға құрмет пен ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке негізделетінін тағы бір мәрте айғақтап отырмыз.", - деп лебізін білдірді.
Алғыс айту күні – елімізді мекен ететін жүз отыздан астам ұлт өкілдері арасындағы ынтымақты бекіте түсетін мереке. Бұл туралы Елбасы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн – мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.
Айта кетейік, биыл мерекенің тойланып жатқанына бесінші жыл.