Weekend

Марджори МакКолдың оқиғасы

Иә, саусақ! Кейде саусақ та адамды ажалдан алып қалатын кездер болады.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

1705 жылы Ирландияда Марджори МакКолл (Margorie McCall) атты кісі безгек ауруынан қайтыс болып, ауруы басқаларға жұғып кетпеуі үшін оны тездетіп жерлеп тастайды. Тірі күнінде ол әйел өте қымбат жүзік тағып жүрген болатын. Жерлер алдында күйеуі жүзікті Марджоридің қолынан шығарып алып қалуды ойлағанымен, саусағы ісініп кеткендіктен алып қалу мүмкін болмай, жүзік мәйітпен бірге жер қойнауына тапсырылады.

Қымбат жүзік жайынан зиратқа түсіп жүрген ұрылар да хабардар болады. Сол күні-ақ олар топырақ әлі қобырап жатқан кезде, моланы қазып, ішіндегі табытты алып шығады. Діттеген олжасын Марджоридің ісініп тұрған саусағынан шығара алмаған олар, саусақты кесіп алып кетуді ойлайды. Пышақ жүзі саусағына тиген сәтте кесілген жерден қан аға бастайды, таң атқалы комада жатқан Марджори кесілген қолы ауырып кетіп оянып, басын көтеріп шыңғырып жібереді. 

Ұрылардың жағдайы не болғаны белгісіз. Ел аузындағы әңгімелердің бірінде олар сол жерде жүрегі жарылып өлген екен. Енді бірінде тым-тырақай қашып жоғалды дейді. Марджори табыттан шығып, үйіне барады…   

Марджори ханымның ері Джон МакКолл (John McCall) мезгілсіз уақытта біреу есікті қаққан кезде  балаларымен бірге үйде болатын 

  — Шешелерің тірі болғанда, – дейді ол балаларына, – сол есік қағып тұр дер едім. 

   Осыны айтқан ол барып есікті ашады. Жерлеуге арналған киімі бар, қолынан қан тамшылап тұрған зайыбын көрген Джон сол жерде жантәсілім етті. Осылайша Джонға зайыбына арналған табыт пен бейіт бұйырды.  

Бұдан кейін Марджори ұзақ өмір сүрді, тағы да тұрмыс құрып, өмірге балаларын әкелді. Соңғы демі үзілген соң бірінші жерленген Шэнкилл зиратына (Лурган, Ирландия) қайта жерленді. Оның құлпытасы әлі бар. Сағанада «БІР РЕТ ӨМІР СҮРДІ, ЕКІ РЕТ ЖЕРЛЕНДІ» (LIVED ONES, BURIED TWICE)  деген жазу бар.