Weekend

Күніңіз продуктивті өтсін десеңіз

Таңның атысы, кештің батысы адамдар өз тіршілігін жалғастырып жатыр. Бірі күннің тезірек аяқталғанын қаласа, бірі сол күннің аздық ететініне налиды. Неге олай?Себебі күніңіз продуктивті емес. Ал продуктивті күн болу үшін қандай іс-әрекет жасау қажет? Ол туралы төменде баяндаймыз

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]
  1. Ерте жатып, ерте тұрыңыз

    Кез келген адам мұны біледі. Алайда көбіміз осы бір нәрсеге аса қатты мән бермейміз. «Азғантай демалсам сол да жетеді», болмаса «Жұмысқа баратын кезде тұра салармын» деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда бұл дұрыс емес.Таң сіздің күніңіздің қалай өтетініне жауапты. Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің берекесі артық. Таңда істейтін ісіңіз болмаса да осы уақытта тұруға тырысыңыз. Егер түнімен жұмысыңыз бітпей жатса, барлығын тастап, ұялы телефоныңызды өшіріп, жай ғана жата кетіңіз. Денсаулық барлығынан қымбат. Кейін уақыт өте келе бұл дағдыға да үйренесіз. Сонымен бірге түні бойы жұмыс істегеннен көрі, таңда тұрып жұмыс істеуге дағдыланыңыз.
     
  2. Дене жаттығуларын жасаңыз

    Бұл да күнделікті естіп жүрген дағдылардың бірі. Дене жаттығулары денсаулығыңызға ғана әсер етпей, көңіл-күйіңіздің көтеріліп, күні бойы сергек жүруіңізге әсерін тигізеді. Дене жаттығуларын тыныштықта, болмаса әуен қосып жасаңыз. Жаттығу барысында медитация жасап та өз денеңізде гармония орнатыңыз.
     
  3. Күніңізді жоспарлаңыз

    Азанда тұрып, жаттығу жасап болғасын күніңізді жоспарлаңыз. Жоспарыңыз нақты болсын және не істейтініңізді бүге-шүгесіне дейін жазуды әдетке айналдырыңыз. Күніңіз жоспарланса, онда істелуі қажет істер орындалып, бос уақытыңыз көбейіп, өзіңізге өзіңіз кешке қиналмай есеп беріп, қамсыз ғана жата берсеңіз болады. Қарапайым дәптер қолданыңыз, болмаса арнайы жоспар күнделіктерін де қолданған артық етпейді.

    Міне, осы үш қағиданы күнде орындап жүрсеңіз, ештеңеге уайымдамайтын боласыз. Тіпті бос уақытыңыз да көбейеді. Ал бос уақытыңыз көбейсе, арман-мақсатыңызға қарай әрекет етуіңізге мүмкіндік туады. Армандарыыңыз орындалсын! Күніңіз әркез продуктивті өтсін!