Weekend

11 наурызда Қазақстан прокатына шығатын фильмдер

Биылғы "Оскардың" басты фавориттерінің бірі "Көшпенділер елі" еліміздің экранына жол тартты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Көшпенділер елі / Земля кочевников / Nomadland [16+]

Биыл көп талқыланған фильмдердің бірі. Венеция кинофестивалінің бас жүлдегері, екі рет «Алтын глобус» иегері (үздік фильм, үздік режиссер). Әлбетте биылғы «Оскардың» басты фавориті.

Қытайдан шыққан әйел режиссер Хлоя Чжаоның картинасы Ферн деген 60 жастағы әйелдің өмірін баяндайды. 2011 жылы гипрок өндіретін зауыт жабылғаннан кейін басты кейіпкер табыссыз қалады. Азғантай жиған-тергенін фургонға тиеп алып, Ферн қазіргі заманның көшпендісіне айналады.

Басты рөлде екі рет «Оскары» бар – Фрэнсис МакДорманд.

Дағдарыс / Трафик / Crisis [18+]

Гари Олдман, Арми Хаммер, Эванджелин Лилли, Мишель Родригес, Люк Эванс, Лили-Роуз Депп секілді жұлдыздардың басын қосқан триллер бір-бірімен байланысы жоқ бірнеше кейіпкердің оқиғасын баяндайды. Есірткі саудагері АҚШ пен Канада арасындағы фентанил контрабандасы бойынша ірі операция ұйымдастырады. Осы кезде оксикотин тәуелділігімен күресіп жүрген архитектор ұлының есірткіге қатысы бар екенін анықтамақ болады, ал университет профессоры нарыққа қауіпті ауырсынуды басатын дәріні шығарған бастығының қауіпті құпиясын біледі.

Енді қар жаумайды / Снега больше не будет / Śniegu już nigdy nie będzie [18+]

Биылғы «Оскарға» Польша атынан ұсынған драма Чернобыль оқиғасының төңірегінде өрбиді. Женя деген кейіпкер АЭС-тегі апаттың салдарынан ерекше қабілетке ие болады. Енді ол – массажшы. Женя тәнді ғана емес, жанды да емдейді. Бай клиенттер ешкімге айтпаған сырын бөліседі, уайым-қайғыларын айтады. Жалғызсырап жүргендер, өзін бақытсыз сезінгендер онымен әңгімелесу үшін массажға асығады.

Жібек жолы / Асоциальная сеть / Silk Road [18+]

Басты кейіпкер – даркнетте өз «Амазонын» құрған желі қылмыскері. Ол бәрін сатады – қару-жарақ, жалған құжат, есірткі. Оның ақшасы көп, кез келген уақытта хакерлік шабуыл ұйымдастыра алады, қажет болса шағын елді қарумен қамтамасыз ете алады. Бірақ кез келген қаһарманға антиқаһарман табылады.

Ақ қар / Белый снег [6+]

Ресейлік байопик атақшы шаңғышы Елена Вяльбе туралы. Ол спортта биік шыңдарды бағындырды, 1997 жылы Норвегияда әлем чемпионатында шаңғы спортының тарихында тұңғыш рет бес алтынның барлығын бір өзі иемденеді.

Бұлардан бөлек жаңазеландиялық «Уиджа. Проклятое зеркало» хорроры, «Скайлайн 3» фантастикалық боевигі және «Дерево желаний» аустралиялық мультфильмі прокатқа шықты.