Hi-Tech

Халықаралық әйелдер меркесінің тарихы

Келіп жеткен көктем айының алғашқы мерекесі – Халықаралық әйелдер мерекесін кейбір жандар «әйел затына көңіл бөлу, бағалы сыйлықтар сыйлау» деп түсінсе, ал кейбіреулер «күнтізбедегі басқа мейрамдардан айырмашылығы жоқ мереке» деп біледі

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бірақ, дәл осы күннің тарихтағы алатын орны ерекше екенін кім біледі? Оның түп тамыры тереңде жатыр.

1857 жылдың 8 наурыз күні Нью-Йорк қаласының киім шығаратын фабрикасында жұмыс істейтін әйелдер жалақының аз екенін алға тартып, көтеріліске шыққан еді. Көтеріліс нәтижесі сәтсіз аяқталып, 2 жылдан соң сол әйелдер өздерін қорғау үшін одақ құрды.

Ал осыдан 113 жылдан бұрын 10 мыңға жуық әйел жұмыс уақытын азайтуды, дауыс беру құқығын талап етіп, көтеріліске шыққан. Осылай бұл мереке алғаш рет АҚШ елінде ақпан айының соңғы жексенбісінде, яғни 23-і күні тойлана бастаған. Бірінші рет әйелдер күнін халқаралық әйелдер мерекесі етіп тойлауға Клара Цеткин ұсынған еді.

Араға уақыт салып, тарихтағы 23 ақпан күні Ресейде қолданылып келе жатқан Юлианский күнтізбесі және басқа елдерде қолданылып жатқан Грегорианский күнтізбесі бойынша 8 наурыз күніне сәйес келіп, осы күні тойлана бастаған. Байқағаныңыз бойынша бұл күн – әйелдердің бостандығын, дауыс беру құқығын алған күн.