Bugin

Зағипа Балиева жаңа қызметке тағайындалды

Қазір Алматыға көшіп келді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Экс-депутат Зағипа Балиева Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің проректоры болып тағайындалды. Бұл жайлы ҚазАқпарат хабарлады.

"Директорлар кеңесі мені Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу институтының проректоры етіп тағайындады. Бүгіннен бастап қызметіме кірістім. Құқықтық, стратегиялық мәселелерді, инфрақұрылымды дамыту, цифрландыру саласына жауап беремін. Қазір Алматыға көшіп келдім", - деді Балаева.

Оның айтуынша, қазір ұжыммен танысып жатыр.

"Университеттің зертханасы үлкен екен. Ұжымы керемет. Жас ғалымдар жүр. COVID-19 вакцинасын әзірлеп жатыр екен. Дүниежүзілік денсаулық сақау ұйымына вакциналарын тіркеп қойыпты. Жастар өте креативті, мақсаты берік, ойшыл азаматтар екен. Профессорлық құрам да мықты. Таңқалдым", - дейді ол.

Айта кетейік, Зағипа Балиева 1958 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылында туған. Киров атындағы мемлекеттік университетті заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Орталық сайлау комиссиясының төрайымы, Қазақстанның әділет министрі, ҚР парламент мәжілісінің депутаты, Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарған.

"Құрмет", "Парасат", "Күміс алқа", "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл", "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл", "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" ордендерімен марапатталған.