Bugin

Нәсілшілдік және суицид: Меган Маркл корольдіктегі өмірі жайлы айтты

Калифорнияда тұратын ханзада Гарри мен оның әйелі, актриса Меган Маркл американдық жүргізуші Опра Уинфриге сұхбат берді. Екі сағаттық сұхбат CBS америкалық телеарнасында жарыққа шыққан

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

ВВС-дің хабарлауынша, сұхбат барысында ерлі-зайыптылар британдық корольдік отбасында нәсілшілдік бөліну, өзге де мәселелермен бетпе-бет келгендерін айтқан. 

Атап айтқанда, отбасы мүшелерінің бірі Гарридің ұлы Арчи дүниеге келмес бұрын құрсақтағы баласының терісі қаншалықты қара болатынын сұраған. Актриса олардың ұлы Арчидің атақ алмауы және қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейтінін естіген. Бірақ бұл атақ оған маңызды емес деп сендірді. Ол тек баланың қорғаныспен қамтамасыз етілуін қалайды. Меган бұл сұрақты нақты кім қойғанын айтудан бас тартты.

М.Маркл екі сағаттық сұхбатта корольдік отбасында тұрғанда «өзін-өзі өлтіру» туралы ойлар болғанын, өмір сүргісі келмегенін айтты. Актрисаның айтуынша, ол корольдік отбасындағы өмірдің шектеулеріне байланысты өзін жалғыз сезінді. 

Ханзада Гарри өзінің патшайым II Елизаветамен өте жақсы қарым-қатынаста екенін айтты. Ал әкесі Чарльзмен қарым-қатынасы қиын екенін, бірақ олардың жақсарғанын қалайтынын айтты. Меган Маркл екінші сәбиін күтіп жүр. Сұхбат барысында жұп жазда қызды болатынын жария етті.

Әлемдік БАҚ-та тез тараған ақпаратқа қатысты патшайым ІІ Елизавета былай деп мәлімдеді: «Гарри мен Меган үшін кейінгі жылдар қиындықпен өткенін білу отбасымызды қайғыртты. Нәсілдікке қатысты сұрақтар алаңдаңдаушылық тудырды. Ескі оқиғаларды қароастырып,  жеке талқылау болады»