Спорт

Златан Ибрагимович: «Хабиб Конорды жеңу керек»

Әлемді екіге бөлген жекпе-жек туралы

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

«Лос-Анджелес Гэлакси» командасының шабылушысы, әлемнің ең мықты ойыншыларының бірі Златан Ибрагимович UFC тарихындағы ең бір өзекті жекпе-жектердің біріне айналатын Конор МакГрегор мен Хабиб Нурмагомедов арасындағы кездесуге өз пікірін білдірді.

 

«Меніңше, Хабиб жеңу керек. Себебі ол ұстаған жерден жібермейтін жігіт. Хабиб қарсыласын қинауға дейін апарады. Олар амал жоқ беріледі, бұл әдетте қарсылас үшін жаман әсер. Ол өте салмақты және өте қауіпті адам. Мен орыстан шыққан Федор Емельянконың жекпе-жегін көрдім. Ол жігітті білемін. Хабиб соған ұқсайды. Өте салмақты. Алайда тор ішіне кірген кезде оны танымай қаласыз»-дейді, Златан Ибрагимович.

 Айта кету керек, жекпе-жек 6 қазаннан 7 қазанға қарған түнде Лас-Вегас қаласында өтеді. Негізгі таласатын титул, Хабибтың сәуір айынан бері иелік ететін жеңіл салмақтағы (70,3кг) UFC белдігі.