Алматы тұрғындарына жаңа шектеулер енгізіледі

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулыға қол қойды. Құжат 20 наурыздан бастап өз күшіне енеді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Енді Алматы қаласында пандемияға байланысты жаңа ережелер енгізілетін болады. Бұл шарттар тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қабылданды. Алматы аумағы қызыл аймаққа енгендіктен, қала ішінде 307-ден астам коронавирус инфекциясына шалдыққан адам тіркелген. Өз қауіпсіздігіңізді білу үшін ереженің алғышарттарымен таныс болыңыз.

1) Қоғамдық көліктер демалыс күндері таңертең сағат 06:00-ден 10:00 дейін, кешке 17:00-ден 22:00 дейін жұмыс істейді.

2) Сауда орталықтары жұмыс күндері 10:00-ден 21:00 дейін, мереке күндері 17:00 дейін, демалыс күндері – жабық.

3) Азық-түлік дүкендері таңғы сағат 06:00-ден түнгі 02:00 дейін ашық.

4) "Медеу" мұз айдынында жаппай сырғанауға тыйым салынады.

5) Шымбұлақта келушілер санын 50%-ға азайту ұсынылады. 1000 адамнан артық тұтынушыларды қабылдауға тыйым салынады.