Bugin

Жиырмаға жуық ел бас тартқан AstraZeneca ковидке қарсы екпесі қауіпті ме?

AstraZeneca ағылшын-швед компаниясы Оксфорд университетімен бірлесіп дайындаған короновирусқа қарсы вакцинаны салдырған адамдарда қанның ұюы және қан кету оқиғалары тіркелген

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Алайда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы компанияның мүддесін жақтап, "вакцина асқынудың себеп болғанына дәлел жоқ" деген мәлімдеме жасады. ДДҰ вакциналау науқанын еш алаңсыз жалғастыра беруге шақырып, осы жағдай бойынша тиісті тексеру жүргізетінін айтты.

Осыдан кейін Германия вакцинаны қайта қолдана бастайтынын хабарлады. Йенс Шпан, Германияның денсаулық сақтау министрі:

–  AstraZeneca вакцинасын егуді жалғастырамыз. Еуропаның дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі оның қауіпсіз әрі сапалы екенін айтып отыр. Бірақ вакцинаны пайдалануды уақытша тоқтату дұрыс шешім болды. Себебі мұндай жағдайлар тексеріліп отырылу тиіс,  деді.

AstraZeneca вакцинасын салуды тоқтатқан алғашқы ел Дания. Бұл шешім екпені салдырған бірқатар даниялықта қан ұйықтары анықталған соң қабылданды. Қанның ұюы пайда болған азаматтардың бірі екпе салдырғаннан 10 күн өткен соң қайтыс болған. Елдің денсаулық сақтау органдары AstraZeneca екпесін қолданудың кемі екі аптаға тоқтағанын, тіркелген жағдайлардың тергелетінін мәлімдеді. Бірақ мекеме вакцина мен қан ұйықтары арасында байланыс бар деп қорытуға әлі ерте екенін ескертті.

Бұған жауап ретінде AstraZeneca компаниясы Еуропа бойынша екпе алған 17 миллион адамның дерегін қайта қарап, қан ұюы 37 адамда анықталғанын айтты. Компания екпенің қан ұйығы қаупін арттыратыны туралы нақты дәлел жоқ; осы ауқымдағы адамдардың арасынан қан ұйығы ауруына табиғи түрде шалдығатындар бұдан көп болушы еді дейді.

 Сондай-ақ, Чехия AstraZeneca компаниясының вакцинасын сатып алуды 40 пайызға азайтқан. 

Соңғы мәліметтерде Швецияның бас эпидемиологы Андерс Тегнелдің сараптауынша, екпенің тағы бір кері әсері анықталды. Еуропаның бірқатар еліндегі екпені қабылдаған пациенттерде аса қауіпті қан кету (кровотечение) белгілері болған.