Bugin

Иманбектің әкесі медальмен марапатталды

Марат Сүлейменов I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалімен марапатталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

"Грэмми" премиясының лауреаты Иманбек Зейкеновтің әкесі, азаматтық қорғау ардагері Марат Сүлейменов I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалімен марапатталды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Павлодар облысы ТЖД мәліметінше, ардагерге ТЖМ атынан марапатты Ақсу төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ақылбек Баяхметов табыстады.

Ақсу гарнизонының басшылығы ардагерлер кеңесі мен ТЖ департаментінің жеке құрамы атынан Марат Зейкенұлы Сүлейменовке 20 жыл мінсіз қызметі үшін медаль табыстады. Сондай-ақ, ардагерді ұлы Иманбек Зейкеновтің жеңісі мен Наурыз мерекесімен құттықтады" деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД баспасөз қызметі Марат Сүлейменовтің 2016 жылдан бері еңбек демалысында екенін атап өтті. Ол еңбек сіңірген жылдары үшін марапатты зейнетке шыққаннан кейін бірден алуы керек еді. Алайда ТЖМ қайта құрылуына байланысты оны уақытында бере алмады.