Саясат

7 ақпан Украина үшін тарихи күн бе әлде сайлауалды әрекет пе?

Әлем саясаты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Украинаның жоғары Рада билігі (парламент) Конституцияға өзгеріс енгізді. Заңнамадағы өзгеріс бойынша енді Украина Батысқа бой түзеген ел ретінде дамиды. Тіпті бұл күнді тарихи сәт деп қарастыруға да болады. Алайда, сарапшылар бұл тек сайлауалды әрекет, оның конститутция шеңберінде маңызы жоқ деп есептейді.

Күн тәртібінде қарастырған мәселе бойынша 334 депутат дауыс берді.

«Бұл біздің еуропаны таңдауымыз, нағыз еуроинтеграцияның басталуы. Украина ЕО және НАТО-мен бірге»,-дейді спикер Андрей Парубий.

Президент Петр Порошенко дауыс бер жиынына қатысып, 7 ақпанды тарихи күн деп атады.

«Бүгін тарихи күн, Конституциядағы өзгеріс үлкен белес, енді Украинаның сыртқы саяси байланысы ЕО пен НАТО-ға қарай қозғалады. НАТО – бұл қауіпсіздік, тек әскери тұрғыда емес, азаматтардың қауіпсіздігі, көшедегі қауіпсіздік, өте жоғары құқық иесі. Қазір Кремль Рада жоғары билігін жіті бақылап отыр. Күтпеңіздер, сіздерде қуанышты жаңалық болмайды. Бүгін Рада жоғары билігі соңғы 4 жылда жасап келе жатқан еңбігінің жемісін көреді»,-деп ағынан жарылды президент.

Бұл заңды қарастыру үшін мемлекет бюджетінен артық шығын да шықпайды және жалпыхалықтық референдум жасауды да қажет етпейді.

НАТО Украинаның ұмтылысын қолдайтынын және бірге жұмыс жасауға дайын екенін айтты.

Еуро Одақ та кез келген мемлекеттің өз Конституциясын өзгертуге құқылы екенін алға тартып, Украинаны қолдады.

Дипломат Богдан Яременко Украинаның НАТО-ға мүше болуы жақын арада жүзеге аспайтынын айтып отыр. Ал Конституциядағы өзгеріс керемет шешім де емес.