Қазақстан жаңалықтары

"Сабақта бетпердесіз отыруға рұқсат"

Бетперде тағып отыруға мәжбүрлей алмаймыз

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Оқушыларды 40 минут бойы бетперде тағып отыруға мәжбүрлеуге болмайды. Бұл туралы Орталық коммуникциялар қызметінде өткен IV тоқсандағы оқу форматы туралы брифингте айтылды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы inform.kz-ке сілтеп хабарлайды.

“Еліміздің бас санитар дәрігерінің 25 наурызда қабылдаған қаулысы “жасыл” және “сары” аймақтағы мектептерге ғана қатысты. Осыған байланысты “Сыныпта маска тақпай отыруға болады” деген шешімнің “қызыл” аймақта орналасқан мектептерге қатысы жоқ”, - дейді ҚР ДСМ cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің тамақтану, білім және тәрбиелеу объектілерін санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Марал Рахымжанова. 

“Тамақтанатын жерде бетперде шешіп отыруға болады, сол секілді сабақ барысында да бетпердемен отырмауға болатын мүмкіндік жасау керек. Біріншіден, әр сабақ әрі кетсе 40 минутқа созылады және әр пәннен кейін үзіліс болып отырады”, - дейді ол.