Weekend
Қазіргі жастардың сезімі туралы тарқату
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]«Cүйемін, күйемін» деп бірін бірі алдаған уақыт болды-ау. Жастарымыз неге жеңіл ойлап, жеңіл жолды таңдауға құмар болып барады? «тірі жетімдер» қайдан шығады?! Осы турасында қалам тербегім келіп тұрғаны. Ал, кеттік.
«Егер сен менің қызым болсаң онда аспандағы айды алып беремін. Екеуміз бақытты да баянды ғұмыр кешетін боламыз».... Өтірік фантазияда алдымызға жан салмайтын болғанбыз. О заман да бұ заман, айды әперген кім бар екен тегінде?! Қыздарымыз қырмызы, ұялшақ болып көріну үшін де сызылуды қатыратын болған. Байқасаңыз қазір бәрі дерлік тек жасандылықпен өрбіп жатыр. Суреттерде бәрі бақытты, бақуатты, жағдайы керемет екенін көрсетежі. Яғни, ол адамда ешқандай мәселе жоқ. Кейде ойлаймын осы елдің жағдайын жоғарыдағылар ғаламтор бетіндегі суреттермен бағалай салады-ау деп. Хош, айтарым бұл емес. Зинақорлық белең алып кетті ,ой қазір. «қарап тұрған жігітке қыз артылар» деген заманға да келдік.
Бір қарынға сыйғасын өмірде де сыйысып жүрген, сыйласып жүрген қарындасының барын ұмытқан көп жігіт. Ашық киінуді былай қоя тұрыңыз, жігіттерден қалыспай балағат сөз айтып, темекіні шегуде «поровоз» болған қыздар да жетерлік қазір. Тең теңімен. Клубтан шықтыңыз, болмаса басқа жерде, қыз бен жігіт таныса салады. Сөйтіп арада сезімнің ұшқыны пайда болады. Екеуара кездесіп, ақырында шариғат рұқсат етпеген амалға барады. Төсектен тұрып тарқасатын уақытқа да жеттік. Етегін ашу былай тұрсын, әуретін ашып, көз алдыңнан ары да бері де өтетін қыздардан көзің сүрінетіні жасырын емес. Аяғында қыздың аяғы ауыр болады, жігіт оны мойындамайды. Сөйтіп не керек, не баланы алдырады, не болмаса жалғыз өсіруге бел буады. Болмаса қоқыс жәшіктері көп қой. Соның біріне тастап кете береді. Бір баланың өмірі ойыншық болады осылайша. Эгоизм қатты белең алып кетті ғой. «үйй, біз үйленеміз, отау құрамыз» деп жүргендер көп болғанымен соңына дейін барып атқандары тым аз ғой.
«Тана көзін сүзбесе бұқа жібін үзбейді» деген сөз бар. Ақиқаты сол, қыздар қылмыңдамаса жігіттер де аяқтарын барынша тартып жүреді. Еліміз осы жетімдер үйінің санын азайту үшін керек десеңіз мектептерде мүшеқап таратуды қолға алмақ. Біз оларға нендей тәрбие беріп жатырмыз осы? Өздері мүшеқап беріп, мектептің бір бұрынышында ойнасыңдар деген түсінік пе бұл сонда? Әлде қызын қайдағы біреуге қия салатындардың қиғылығы ма?! Біз демократиялы мемлекетпіз. Адамның түріне, тіліне, дініне, өмірлік ұстанымына қарап бөлуге хақымыз жоқ. Жақсы дейік. Ал, мектепте орамал тағуға болмайды деген не сұмдық сонда? Менің ойымша саясат мынау, біздің қоғамда зина деген ашықтан ашық жасалуы керек. Ешкім ешкімнен тығылмауы керек. Кез келген жұп бір-біріне еркін қосылып, құмарын қандыруы керек. Ал, орамал таққандар, әуретін жапқандар оны шешім, олардың істегеніне ортақтасу керек екен. Арын сақтаған аруды арсыздыққа, азғындыққа итермелеу ғой бұл сонда?! Яғни, қыз тәрбиесіне аналары «жігітті қалай елітуге болады?» деген тақырыпты қосуы керек қой. Тоқта, біз мәдениетті мемлекет болуға ұмтылудамыз ба, әлде батыстың былығымен біте қайнасып кетуге бет бұрудамыз ба?! Белгісіз. Әйтеуір, ісіміз бен сөзіміз сай келмейтін мемлекетке айналып кетпесек жара еді.
Жетімдер азайсышы қоғамда. Біз жанбасақ кім жанады лапылдап?! Ертең келер ұрпаққа ел тізгінін бере кезде қысылмай бере күнге жетейік. Қызымыз қылықты, ұлымыз ұятты болсын. Әрқашан Бек, Сұлтан болайықшы өз елімізде.