Bugin

25 жыл сенат аппаратын басқарған Серік Сыдықовтың жалғыз ұлы кімді 257 млн теңгеге алдаған?

"Өмірлік жиғаным мен екі пәтерімнің ақшасы далаға кетті"

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

       Инвестор болып, ірі кәсіпте пайызыңды алып отыру сауаты бар әр адамның мақсаты ғой. Алайда алаяқтарға жем болып қаламын деп екі ойласа түске кірмейтін, кинода ғана көретін картиналар шынайы өмірде орын алғаны кеудеге үрей ұялатады. Осындай шытырманды бастан кешірген Алтынай есімді алматылық тұрғынның бүгінгі халі жылатпаса қуантпайтыны сөзсіз. 

Халықаралық компанияда 25 жылдай қызмет атқарып жиған-тергені бір күнде алаяққа жем болған келіншектің  дәл қазір хостелді паналап, сот табалдырығын тоздырудан басқа амалы қалмаған. 8 жылдан бері сеніміне енген Олжас атты досының 257 миллионды қолды қылып, жалған келісімшарттармен алдап кеткенін айтып шырылдаған Алтынайдың өткенге өкінгеннен басқа амалы қалмағандай.

Қырғызстаннан картоп өнімін әкеліп ірі сауда орындарына тарату арқылы қомақты табыс табуды көрсеткен шарттармен алдаған күдікті Олжас бүгінгі күні қамауға алынған. Алайда тергеу ісінің баяу жүріп жатқаны, ешқандай мүлкінің бұғатталмауы жәбірленушінің өзін де, қорғаушысын да алаңдататынын айтты.

"Күдіктінің әкесі белді азаматтардың бірі болғандықтан, Олжаспен арадағы сегіз жылдық таныстығымызға сеніп ақшаны еш ойланбастан қолына ұстатып едім",- дейді Алтынай бір сөзінде.

Өмірлік жиғаным мен екі пәтерімнің ақшасы далаға кетті деп жан ұшырған келіншектің бар өмірі сот орындаушылары мен тергеушілердің қолында десек артық айтқандық болмас. Материалдық шығынын өтеп, алаяқ жазаланса Алтынайдың да көңілі орнына түсері сөзсіз!

Айта кетейік, Олжас Сыдықов – Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сыдықовтың ұлы. Жәбірленуші тарап соттың тұралап тұрғаны әкесінің ықпалы деп есептейді.