Денсаулық

Коронавирустан кейін тыныс жолдарын қалай қалыпқа келтіреміз?

Әлемді дүрліктірген коронавируспен ауырғаннан кейін ағзаны қалыпқа келтіруге болады. Ол үшін қарапайым жаттығулар мен кеңестерге құлақ түрсеңіз және оны күнделікті жасасаңыз жеткілікті. Ресейлік дәрігер Евдокименконың қарапайым әрі көмегі зор кеңестер мен жаттығуларын ұсынамыз.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қарапайым жаттығудан бастаңыз. Ең қарапайым жаттығу – шар үрлеу. Күніне 2-3 рет 3-5 минут бойы резеңке шар үрлесеңіз, тыныс алу мүшелерінің қалыпқа келуіне көмектесесіз.

Ескерту: Қатты күш салып үрлеудің қажеті жоқ. Асықпай, денеңізді бос ұстап үрлесеңіз жеткілікті. Шарды үлкен қылып үрлеуді мақсат етпеңіз. 

Майлы тамақ жеңіз.

Майлы тамақ күнделікті рационнан табылсын. Майлы тамақ мүлдем жемейтін адам ағзасының өкпесі әлсіз болады. Май құрамындағы белсенді зат өкпенің оттегі жұмсауына көмегін тигізеді.

Ескерту: Бірақ шамадан тыс майлы тамақты жиі жемеңіз.

Ресейлік дәрігер Евдокименко коронавирустан кейін ағзаны, тыныс жолдарын қалыпқа келтіру үшін 3 нәтижелі жаттығу ұсынады.

Арқаңыздағы бұлшықеттерді нығайту және өкпе мен тыныс жолдарын ашу үшін жасалатын жаттығулар:

1.Орындыққа ыңғайлы отырып, қолыңызды беліңізге қойыңыз.

Арқа жауырынын бір-біріне тигізесіз, 5 секундтан соң денеңізді бос ұстайсыз. Қайтадан жауырынды бір-біріне тигізіп, қалыпты күйге келтіресіз. Осылай жаттығуды 6 рет қайталайсыз.

2. Дәл сол қалыпта отырып, иығыңызды артқа қарай айналдыра қозғайсыз. Қолыңыз беліңізде қалатынын ұмытпаңыз. Жаттығуды кез келген жастағы адам жасаса болады.

Бұл жаттығуды 8-12 рет жасау керек.

3. Тыныс жолдарын қалыпқа келтіруге арналған тағы бір жаттығу – терең тыныс алу. Бұл жаттығуды жасау үшін жатыңыз. Оң қолыңыз кеуде тұсыңызда, сол қолыңыз ішіңізде болуы керек. Кеудеге күш салмай, ішіңізбен терең тыныстаңыз. Терең тыныс алғанда іш қампияды, ал тыныс жіберу кезінде ішіңіз қалыпты күйге түседі.

Жаттығуды 8-10 рет жасау керек.

Дәл жатқан күйде сол қолыңыз орнында қалады. Тыныс алу үдерісі де сол күйі. Тек оң қолыңызбен мұрныңыздың бір жағын жауып терең тыныстайсыз. Ішіңізбен тыныс алуыңыз маңызды.

3 рет жасаған соң мұрныңыздың екінші жағын жауап, жаттығуды қайталайсыз.

Мұрныңыздың екінші жағын жауып та жаттығуды 3 рет қайталайсыз.

Деніңіз сау болсын!