Bugin

Конвергенция дегеніміз не

Конвергентті журналист деген кім?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазіргі таңда журналистика мамандығы көп перспективаларды ашады. Заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге баулайды. Өйткені БАҚ – бұрынғыдай тек газет, радио, теледидар емес, сонымен қатар әртүрлі электронды басылымдар. Сол заман ағысына қарай конвергенция деген ұғым пайда болды. Журналист тек ақпаратпен ғана айналыспай, басқа да ақпарат көздерімен жұмыс істеу қажет. Ол материал жазу, фото немесе бейне түсіру, дыбыс жазу, монтаждау. Дәстүрлі журналистикаға ерекше бір жаңалық. Жаңа терминнің пайда болып, журналист мамандығын өзгерткен жаңа ағын қаншалықты дұрыс? Менің ойымша, бұл жұмыс беруші адам үшін қолайлы, бірақ  жұмыстың барлығы командамен жасалғаны жөн. Бір журналист осы жұмысты толық бітіру үшін уақыт керек, онымен қоса қаншама еңбек. Ал командалық жұмыс ертең уақытты да қысқартады, жұмыстың сапалы шығуына да септігін тигізеді.