Bugin

Bullet journal жасау бойынша нұсқаулық

Өміріңді 180 градусқа өзгертетін дәптер

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Bullet journal дегеніміз не? Ол өнімділік пен шығармашылықты арттыратын түрлі сервистерді алмастыратын құрал. Бүгін мен сіздерді тек қалам мен қалың дәптер көмегімен өмірді өзгерте алатын құралды тиімді әрі пайдалы жүргізу әдісімен таныстыратын боламын. Ең алдымен сізге қалың дәптер мен қалам қажет болады.  Бұл біздің қажетті ең қарапайым реквизитіміз. Одан кейін біз пунктілерге көшеміз.

1-ші пункт. Сіз блокнот не қалың дәптеріңіздің беттерін номерлеп алуыңыз қажет. Осы номерленген беттер арқылы мазмұнын құрып, керек бетті оңай таба аласыз.

2-ші пункт. Сізге өз күніңізді жоспарлау қажет. Таңертен ұйқыдан тұрған сәттен ұйқыға жату сәтіне дейінгі істеу керек жұмыстар реттілігі.

3өші пункт. Сіз жоспар құру барысында қажетті құралдарды ескеруіңіз қажет яғни тапсырмалардың оңай не қиын болуына байланысты әр түрлі түспен белгілеп, реттеп қоюыңыз қажет.

4-ші пункт. Жоспар 3 бөліктен тұруы керек. Алдымен ең маңызды әрі қиыны, содан орташа маңыздылыққа ие тапсырмалар, содан жеңіл тапсырмалар тізімі. Есте сақтаңыз, жоспар құру барысында іске асыра алатындай етіп жоспарлаңыз.

Сіз бір күнде 5 елге саяхат жасай алмайсыз ғой. Сол секілді 5 үлкен тапсырманы бір күнге қоюдан аулақ болыңыз. Оның орнына бір үлкен тапсырманы 1 күнде  бірнеше тапсырмаға бөліп  істесеңіз, 5 күнде 5 үлкен тапсырманы іске асыруға мүмкіндігіңіз бар.

5-ші пункт. Сіз өз журналыңызды әсемдеп әрі таза ұстауыңыз қажет. Бұл тиімділікті әрі бастаған істі тастап кетпеу мүмкіндігін тудырады.

6-шы пункт. Сіз бір күнге құрған жоспарыңыздан бөлек бір айға және бір жылға арналған жоспар құра аласыз. Бұл жоспар көптен армандап жүрген үй немесе бір елге саяхатқа бару секілді арман мақсаттардан да тұруы мүмкін.

7-ші пункт. Қосымша стикер, бояулар, фломастерлер қолданып, әсемдеуіңізге болады.

8-ші пункт. Бұл журналға жоспардан бөлек арман-мақсатыңызды, ойыңызды жазсаңыз, өзіңізге өзіңіз психологиялық тұрғыдан да көмек бере аласыз.

9-шы пункт. Бұндай журнал жүргізген сәтте сіз бүгін не істеймін деп уақыт кетірмейсіз. Барлығы дайын, тек орындау ғана қалып, уақыт үнемдейсіз.

10-шы пункт. Сіз мүмкін емес деген істерді мүмкіндікке айналдыра аласыз. Сабақ үлгерімін не дене сапасын, тіпті рухани дамуға мүмкіндігіңіз артады. Bullet journal әдісі сіздің денсаулығыңызға оң әсірін тигізеді. Себебі сіз өзіңіздіі жасаған ісіңізге қарап жүйкеңізді бір қалыпқа келтіре аласыз. Барлығына жоспар бойынша үлгеретініңізге сенімді боласыз. Bullet journal  әдісін тиімді қолданып, жаңа идеялар ойлап тауып, армандарыңызды шындыққа үйлестірулеріңізге тілектеспін.