Bugin

Жедел жәрдем келгенше қансырап өле жаздаған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қарағандылық полицейлер көшеде қансырап жатқан әйелді ауруханаға жеткізуге көмектескен. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Приозерск қаласында тұратын орыс әйел бұл оқиғаны "еКараганда" порталында жариялаған.

"Менің атым София. Күйеуімен бірге Приозерск қаласында тұрамыз. 25 сәуір күні кешке менде, кенеттен, ішкі қан кету басталды. Күйеуім жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер 40-50 минуттан кейін келді. Олар қан тоқтататын екпе салып, Приозерск қаласының медициналық мекемелерінің біріне апарды. Онда мені қарап, Балқашқа бару керек екенін айтты, өйткені оларда қажетті мамандар мен жабдықтар жоқ екен", – деп жазды әйел.

Алайда, белгісіз себептермен мамандандырылған медициналық көліктер Балқашқа бара алмады. Әйел күйеуімен өз көлігімен жолға шығады. Жолда көлігі бұзылып далада тұрып қалған. 

"Ол жолға шығып, көліктерді тоқтата бастады. Бірақ бірде-бір көлік тоқтаған жоқ. Бірде-бір. Уақыт өтіп жатты, мен қансырап жаттым. Көзімнің қараңғыланғанын сездім, әлсіздік пайда болды. Күйеуім Балқаш жедел жәрдем станциясына қоңырау шалды. Бізге дәл қазір фельдшерлермен бірге көлік жіберетіндерін айтты. Уақыт зымырап өте берді. Шамамен екі сағаттан кейін мен есімді жоғалттым", – деді София.

Амалсыздан әйелдің күйеуі жақындап келе жатқан көлікті тоқтату үшін жолдың ортасына тұрып алған. Бұл полиция көлігі болып шықты.

Софияның күйеуі жүргізушіге жүгіріп барып, жағдайды түсіндірген. Полицейлер оларды көлікке отырғызып, Балқашқа қарай апарды. Жол бойында Балқашқа дейін 30 шақырым жерде полиция қызметкерлері жедел жәрдеммен кездесіп қалады.

Тәртіп сақшылары жедел жәрдем көлігін тоқтатып, әйелді тапсырады. Қазір София өзін жақсы сезінеді және тәртіп сақшыларына кәсібилігі үшін алғыс айтады.