Саясат

Мәскеудегі АҚШ елшілігі енді виза бермейді

Мәскеу елшілігі мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Мәскеудегі АҚШ елшілігі енді виза бермейтіндігі жайлы ресми сайтында жариялады деп хабарлайды Bugin.kz платформасы. Мәлімдеме ресейлік үкіметтің дипломатиялық миссияларға ресейлік азаматтарды жұмысқа алмау шешімімен тікелей байланысты.

«12 мамырдан бастап АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігі бірқатар консулдық қызметті қысқартады. Тек АҚШ азаматтары үшін жедел қызметті, иммиграциялық визалардың мерзімі аяқталған жағдайда ғана шектеулі мөлшерін қалдырды. Сондай-ақ өлім немесе өмірге қауіп төнген жағдайға ғана иммиграциялық виза беріледі», - деген хабарламада.

Алдағы уақытта елшілік иммиграциялық емес визаларды бермейді, паспортты ауыстырмайды және жедел емес нотариалдық қызметтер жасамайды. Айта кетейік, бұған дейін дипломатиялық сапарларға рұқсат етілген.

Иммиграциялық емес дегеніміз - өзге елге уақытша қоныс аудару саясаты. Белгілі бір мақсатта, бекітілген уақытта АҚШ-қа сапарға аттану. Оған жұмысшы, студенттер мысал бола алады.