Bugin

Өкпесінің 100% қабынған әйел аман-есен босанды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Нұр-Сұлтанда №2 қалалық ауруханада коронавируспен ауырып, аса ауыр халде болған әйел босанды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеп хабарлайды.

Әйел ауыр жағдайына қарамастан,салмағы 4000 г сау қызды дүниеге әкелді.

"16 наурызда Айнагүл Оразбекова өте ауыр жағдайда, екіжақты вирустық пневмониямен және өкпесінің 100% қабынуымен реанимация бөліміне түсті", - дейді №2 МГБ директоры Нұрбол Тұрсынбаев.