Bugin event

Көпқабатты үйлердің сапасы қаншалықты қанағаттандырады

Шымкент қаласындағы Әкімшілік-іскерлік орталықта 9 қабатты 56 пәтерлі тұрғын үйлердің (№41, №42, №43, 46, №47, №48 тұрғын үйлер) құрылысы жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған көпқабатты  үйлердің құрылыс алаңына барып, құрылыс сапасын бақылады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Құрылысқа жауапты мердігер мекеме – «Югстройсервис-Н» ЖШС. Мердігер мекеме құрылысы 2019 жылы басталған нысанды биыл маусым айында аяқтауды жоспарлап отыр. 

Пәтерлердің жалпы ауданы – 9 345,33 шаршы метр. 
Қала әкімі жауапты мердігерге құрылысты сапалы орындауды және тиісті мерзімде тапсыруды міндеттеді. 

Сонымен қатар, әкімшілік-іскерлік орталықтағы 9 қабатты сегіз тұрғын үйдің инженерлік инфақұрылым құрылысы қатар жүргізілуде. Мердігер мекеме  – «СМУ «БУРВОДСТРОЙ» ЖШС және «Гео Нұр Құрылыс» ЖШС.

Мұрат  Дүйсенбекұлы аталған инфрақұрылым жүйелерінің құрылысын аралап көрді.  Жауапты мердігерлер нысандардың құрылысын 2021 жылдың  шілде айында аяқтауды жоспарлауда.