Саясат

"Айыптауларға бірде-бір дәлел ұсынбаған". Мамай сотта жеңіліс тапты

Жанболат Мамай мен Бауыржан Байбектің арасындағы сот процессі аяқталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қос белсендінің үстінен талап арыз түсірген болатын. Арыз бойынша Алматы қаласы Әуезов аудандық №2 соты тергеу жұмыстарын жүргізді. Азаматтық-процессуалдық процесте судья шағымданушы пайдасына шешім шығарды.

Судьяның айтуынша, белсенді Жанболат Мамай фильмдегі айыптауларға бірде-бір дәлел ұсынбаған.

Сондай-ақ сот шешімімен жауапкерлер Жанболат Мамай мен Инга Иманбай кінәлі деп танылды. Нәтижесінде, Бауыржан Байбек туралы "youtube" арнасында таралған видеоны өшіруге, 800 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге міндетті болды.