Білім және ғылым
Шымкентте қаласында мектеп бітіруші түлектерге арнап салтанатты жиын өтті
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Шымкент қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ұландары» аясында   мектеп бітірушілердің салтанатты жиыны өтті.
Биыл қала бойынша   11-сыныпты 9 973 түлек, 9-сыныпты 16 877 оқушы мектеп бітірді. Оның ішінде 11-сынып бітірушілерінің 491-і «Алтын белгі» иегері атанса,  437 түлек «Үздік аттестат» иеленді. 
Салтанатты жиында мектеп директорлары мен ұстаздары түлектерді қуанышты күндерімен құттықтап, алдағы өмірлеріне сәт- сапар тіледі.
Іс-шара санитарлық талапқа сай, мектеп аумағында өткізілді.