Экономика

Бағаларға мониторинг жүргізілді

Шымкент қаласында «Magnum cash&carry»,  «Грамад» және «Фиркан» сауда желілерінің бағасына мониторинг  жүргізілді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Халыққа бірінші кезекте азық-түлік тауарларының сапасы  мен бағасының қолжетімділігі маңызды екені белгілі.  Осы ретте қаламызда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
⠀
Осыған орай, бүгін Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А. Қаныбеков әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру мақсатында айналымға қарыз қаражатын беру бағыты бойынша келісімшарттар түзілген «Magnum Cash&Carry»,  «Грамад» және «Фиркан» сауда желілеріне барып,  тауар сапасы мен бағасына мониторинг жүргізді.


⠀
Мониторинг жүргізу барысында басқарма басшысы А.Қаныбеков  сауда желілеріндегі азық-түлік тауарларының бағасына басты назар аударып қана қоймай, ондағы азық-түлік алушы қала тұрғындарының пікірлерін тындады.
⠀
Айта кетейік, «Magnum Cash&Carry» сауда желісінде 19 тауар, «Фиркан» сауда желісінде 11 тауар және «Грамад» сауда желісінде 12 тауар түрлері қамтылып, келісімшарт негізінде белгіленген бағада босатылып жатыр.
⠀
Сонымен бірге, бүгінгі күні маусымдық кезеңге байланысты бағасы өскен көкөністер, картоп және сәбіз өнімдері осы аталған сауда желілерінде белгіленген бағада сатылуда.
⠀
Атап айтар болсақ, жұмыртқаның бағасын тұрақтандыру мақсатында, өңірлік тұрақтандыру қоры есебінен І- санатты жұмыртқаның   10 данасы 322 теңге болды. 

Айта кету керек, аталған бағадағы жұмыртқа  «Грамад» сауда желісінің  Жібек жолы көшесі №58, К.Төлеметов көшесі, №69/42, Б.Момышұлы даңғылы №6, Ә.Жангельдин көшесі №3 бөлімшілерінде, сондай-ақ,  «Фиркан» сауда желісінің Қапал батыр көшесі №6/4, Тәуке хан даңғылы №330,  «Фиркан Сити», Адырбеков көшесі  №117/1, 4. Ш.Уалиханов көшесі, №213 «11 ш/а. магазиндерде және  «Магнум» сауда желісінің  Жиделібайсын көшесі 92, Володарский көшесі 27/10 мекенжайларында  сатылады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61