Саясат

Нұрлан Сабуров лауазымды қызметке ұсынылды

Степногор қаласының тұрғындары Нұрлан Сабуровқа қала әкімдігіне сайлауға түсуді ұсынды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

"Біз сіздің сайлауда жеңіске жету мүмкіндігіңізді жоғары бағалаймыз. Сіз Степногордың мақтанышысыз", - дейді тұрғындар.

Олар әйгілі комиктің қалаға сүйіспеншілігі жоғары екендігіне сенімді.

Қазір Степногорскіде және оның төңірегінде жүздеген проблемалар бар. Олар экология, құрылысы аяқталмаған көп қабатты үйлер, ТКШ, абаттандыру.

Естеріңізге сала кетейік, степногор тұрғындары ПХД және құрамында зияны басым қалдықтарды кәдеге жарату кешенінің құрылысына қарсы шықты. Шенеуніктерге деген сенімін жоғалтқан азаматтар өздерінің жерлесі, танымал комик Нұрлан Сабуровқа жүгінді. Ол белсенділерге қолдау білдірді. Нәтижесінде, қала тұрғындары экологиялық қауіпті нысанның салынбауына қол жеткізді.