Bugin event
Алматы облысының Кербұлақ ауданында нөсер салдарынан сел жүрді
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті оқиға 14 шілдеде сағат 16.00 - 17.00 аралығында Алматы облысы Кербұлақ ауданының Көксу ауылдық округінде болғанын хабарлады. Көксу шатқалында нөсер мен бұршақ түрінде жауған жауын-шашын салдарынан тау баурайынан балшық түріндегі сел жүрген. Осыған байланысты Көксу орманшылығының №1 кордонына апаратын қара жолда (500 метр) балшық-тас шөгінділер пайда болды.
"Қазіргі уақытта ағын жоқ, қара жол тазартылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Осы жағдай бойынша 101, 112 телефондарына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға хабарламалар түскен жоқ", - деді ТЖД өкілі.
Облыстық ТЖД 15-17 шілдеде де ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланғанын еске салды.